Карантиннен кейінгі өмір: алғашқы пойыз жолға шықты

Жаңалықтар
01.06.2020, 22:24
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

 Бүгін елімізде карантиннен кейін алғаш рет жолаушылар тасымалы іске қосылды. 1 маусымнан бастап бірқатар жолаушылар пойыздары сапарға шықты. «Нұрлы жол» вокзалында жолаушылардың жолға шығу процесіне арналған іс-шараға БАҚ өкілдері де қатысып қайтты.

Жаңа вокзал кешенінде барлық кірген жолаушылардың кіреберісте қызуы арнайы термометрмен өлшеніп, вокзал ғимаратына жолаушылар тек маскамен кіргізілуде. БАҚ өкілдеріне сұхбат берген «Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директорының операциялық мәселелер жөніндегі орынбасары Йорг Бесвердің айтуынша, бүгінгі таңда еліміздегі пойыздар мен вокзалдар пандемия жағдайында жұмыс істеуге көшкен. 1 маусымда жолаушылар тасымалын іске қосудың бірінші кезеңінде 54 жұп жолаушылар пойызының жұмысы жолға қойылса, 10 маусымнан басталатын екінші кезеңінде тағы 39 жұп жылжымалы құрам халыққа қызмет көрсетуді бастайды.


Әрі қарай сұранысқа қарай жолаушылар тасымалы көбейтіле береді. Сонымен қатар әлемдегі эпидемиологиялық ахуалға қарай халықаралық бағыттар бойынша 15 жұп пойыз іске қосылмақ.

– 15 мамырдан бастап бүгінге дейін 354 мың билет, оның жартысы онлайн түрде сатылған. Қазірден-ақ адамдар саяхаттағысы келетіні көрініп тұр. Халыққа пандемия жағдайында пойызда қалай жүріп-тұру керектігі арнайы бекітілген ережелерде көрсетіліп, ол ережелер вокзалдар мен вагондарға ілінді. Жолаушылар өзімен бірге жеткілікті деңгейде қорғаныш құралдарын алып жүруі керек. Маскасыз кіргізілмейді. Бәрін ескертіп жатырмыз. Себебі адамдар өміріне жауаптымыз. Осы жағынан жолаушылар да бізге көмектессе дейміз. Вагондардағы орындар, отырғызу бұрынғыдай болады. Тек вагон ішіндегі қозғалыста шектеу бар. Жолаушылар әжетханаға барғанда арнайы сызықшалар арқылы 1 метрден кем емес қашықтық сақтап тұруы керек. Вагон-мейрамхана әзірге жұмыс істемейді. Сондықтан жолаушылар өздерімен бірге көбірек тамақ алып шыққаны жөн. Ал жолдағы станцияларда мүмкіндігінше көп ештеңе алмағаны дұрыс, – деді Й.Бесвер.


Сонымен қатар «Жолаушылар тасымалы» АҚ ресми өкілі Мәди Мұхамедқали да вагондар ішіндегі дайындық барысынан хабардар етті. Желдеткіштер толық зарарсыздандырылған. Тәулігіне үш рет вагон желдетіліп, күніне 2 рет ылғалды тазалық жұмыстары жүргізіліп отырады.

– Жолаушылардың жағдайы вокзалға кіреберістен тексеріліп, қызуы өлшеніп барып кіргізіліп жатқанын көріп тұрсыздар, бұл тәртіп қатаң сақталады. Сонымен қатар пойызға мінген бойда жолаушылар анкета толтырады, сол жерде олардың барлық деректері қалдырылады. Ауру анықталған жағдайда сол науқастың қасындағы адамдармен «контакт» ретінде тексерулер жалғасатын болады, – дейді М.Мұхамедқали.


Иә, елді дүрбелеңге салып екі ай үйде қамаған қауіпті вирусқа қарамастан тірлік қайта жанданды. Карантиннен кейін де өмір бұрынғысындай жалғасып, өз арнасына оралуда. Тек сақтық пен қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау талап етіледі. 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті