«Темір тұлпарлар» жазғы тасымалға дайын

Жаңалықтар
04.06.2020, 17:44
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Биыл 10 сәуірден бастап Сексеуіл локомотив пайдалану депосында көктемгі комиссиялық байқау жүргізілді. 24 мамырда аяқталған дәстүрлі тексеру жұмыстарының нәтижесінде депоның жазғы тасымалға дайындығы жоғары деңгейде деп, жалпы жұмыс көрсеткіштеріне оң баға берілді. 

Тексеру барысында жолаушылар мен жүк тасымалын жүзеге асыратын локомотивтерді жазғы кезеңге дайындау шаралары қаралды.

Атап айтқанда, әрбір бекітілген тепловоз жағдайын жақсарту, тазалау-сырлау, жұмыс жасау тәртібін жаздық кезеңге лайықтап өзгерту жұмыстарына локомотив бригадалары мен депоның басқа да қызметкерлері бір адамдай атсалысып, араласты.

Бүгінгі таңда Сексеуіл локомотив пайдалану депосына қарасты телімдерде 39 ТЭ33А сериялы тепловозы мен 1 2ТЭ10У, УТ тепловозы және 4 ТЭМ маневрлік тепловозы бар.

Міндеттелген жұмысты өз межесінде аяқтауға күш салудан бөлек жазғы тасымал маусымына темір тұлпарлардың жарақты болуы бәріне салмақ екенін ұжымның әрбір мүшесі жақсы түсінеді. Комиссиялық байқаудың алдын ала отырысы болып, жоспар бекітілген болатын.

Онда қолынан жөндеу, сырлау сынды жұмыстарға икемді, шебер жігіттер таңдап алынды. Локомотив бригадаларының күшімен 40 тепловоз ішінара, 4 ТЭМ тепловозы толықтай сырланып, жазғы кезеңде жұмыс істеуге сақадай сай дайын етілді.

Локомотив бригадалары тепловоздарды жуып, тазалап, шанағын, жүріс бөлігін тексерді және оларды сырлап, жазғы маусымға дайындады.

Тағы бір мақтанышпен айта кетерлік жайт – біздің телімдегі тепловоздардың басым көпшілігі ТЭ33А сериялы жаңа локомотивтер.

Олар жуып- тазалағаннан жарқырап шыға келеді. Машинистер мен олардың көмекшілері әрбір тапсырылған істі ұқыпты да тиянақты орындап, әрбір колоннаның машинист нұсқаушылары локомотив бригадаларының уақытпен санаспай дайындық жұмыстарына бір ауыздан атсалысуын ұйымдастырды,  – дейді Сексеуіл локомотив пайдалану депосының бастығы Жангелді Түрединов.

Жалпы бүгінде аталған депода 412 адам еңбек етеді. Соның ішінде 140 машинист, 146 машинист көмекшісі бар. Ұжым басшылығы көктемгі байқау кезінде өз еңбектерімен ерекше көзге түскен теміржолшыларды атап өтіп, оларға алғыс білдірді. Атап айтқанда, колонна жұмысын жандандыруға атсалысқан машинист нұсқаушылары – Серік Әзеханов, Ерсұлтан Есеркепов, Қамбар Ахметов, Оңғар Аманжолов, Марал Ахмет сынды локомотившілер мен басқа да локомотив бригадалары өз істерін абыроймен атқарып шыққан. 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті