Түрксіб теміржолының 90 жылдығына орай ҚТЖ бейнеролик түсірілмек

Жаңалықтар
11.06.2020, 11:28
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Өткен ғасырдың ұлы құрылысы саналатын Түрксіб теміржолының 90 жылдығына орай «ҚТЖ» ҰК» АҚ арнайы 10 минуттық бейнеролик түсіруді қолға алды. «Түрксіб – жаңа өмірге жол» тақырыбындағы бейнематериал шағын болса да, аңызға айналған халықтық құрылыстың Қазақстанның ғана емес, бүкіл Орталық Азия өміріндегі мән-маңызын ашатындай болуы керек. 

Алып теміржол құрылысы туралы көнекөз ардагер теміржолшылардың естеліктері мен әңгімелері жинақталып жатыр.

Осы мақсатта компанияның бас инженері Батыр Котырев өткен жұмада теміржол тарланы, талай жыл қазіргі Алматы, бұрынғы Түрксіб темір жолы бөлімшесінде басшылық қызмет атқарған тарлан теміржолшы Қалтай Сәмбетовпен кездесті.

Болат жолдың бүкіл шежірелі тарихын білетін ардагер Түрксіб теміржолына қатысты басты назар аударатын мәселелерді атапатап айтып берді.

– 20-ғасырдың отызыншы жылдары жалпыхалықтық ұранға айналып, халықтың қажырлы еңбегі, қайрат күшімен салынған Түрксіб теміржолы туралы қалай дәріптесек те жарасады. Қазақтың мидай жазық даласына тыңнан түрен салып, шойын жолдың келуі, шын мәнінде, сол дәуірдің ұлы жаңалығы еді. Оның ғаламаттығы, қуаттылығы, атының өзі аңызға айналған ұлы құрылыс екендігі, сол кездегі қарапайым халықтың маңдай терін тамшылатып жүріп жалаң қолмен салғаны көрініс табуы керек, Түрксібтің ғажайып тарихы келер ұрпаққа жетуі керек. Өйткені, бұл жол экономиканың драйвері болған және болып та қала береді, – деді Қалтай Сәмбетов ақсақал.

Сонымен қатар, ол қазір кейбір тұлғалар ұсыныс етіп айтып жүргендей, Луговой станциясына сол жылдары құрылысты басқарған жеке тарихи тұлғалар есімін беру ағаттық екенін жеткізді. Себебі, Түрксіб бүкілхалықтық құрылыс болды, оған барша елдің еңбегі бірдей сіңген. Әрі темір жолдың тарихында бірде-бір станцияға жеке адамның аты берілген емес, – дейді ардагер.

Ал ұлттық компания қолға алған бейнеролик алдымен «Түрксіб дегеніміз не?» деген шағын сауалнамамен басталады.

Бұл сауалнамаға көшеде өтіп бара жатқан кез-келген адам тартылады. Одан әрі Түрксібтің Орталық Азия мен Қазақстан үшін, соның ішінде ұлттық кәсіби мамандарды қалыптастырудағы маңызы сипатталады.

Бұл ретте құрылыс жұмыстарын басқарған Тұрар Рысқұлов, Мұхамеджан Тынышпаев туралы деректер де келтіріледі.

Аталған мәліметтер тарихи хроникамен қоса инфографика, темір жолдың анимациялық картасын көрсету арқылы келтіріледі.

Содан соң Түрксіб құрылысын салушылардың ұрпақтарынан естеліктер алынады. Олардың ішінде Түрксібтің белгілі құрылысшысы Ахметжан Мәженовтің немересі пікір білдіреді. Сонымен қатар құрылыс тарихынан көрнекі сандар тізбектеліп, диаграммалар көрсетіледі.

Одан әрі атақты теміржол құрылысын жүргізу барысындағы қызықты деректер архивтік бейнежазбалар, сол кездегі газеттерден үзінді келтіру арқылы беріледі.

Сондайақ ұрпақтар сабақтастығы ретінде аға буыннан Қалтай Сәмбетов, ал қазіргі темір жол желісінің дамуы туралы ұлттық компанияның бас инженері Батыр Котырев пікір білдіреді. Ролик соңы ҚТЖ компаниясының бүгінгі ғаламат өзгерістері мен жетістіктеріне арналады.

Оның бейнекадрларына компанияның заманауи нысандары мен жас теміржолшы белсенділер тартылады. 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті