10 маусымынан бастап тағы 34 жолаушылар пойызы іске қосылды

Жаңалықтар
11.06.2020, 19:05
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Коронавирус індетінің таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімімен және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің келісімі бойынша 2020 жылдың 10 маусымынан бастап Қазақстан бойынша Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің талаптарын ескере отырып, тағы 34 жолаушылар пойызы іске қосылады.

Сонымен, Қазақстан ішінде барлығы 119 жұп жолаушылар пойызы қатынайтын болады. Айта кету керек, Құлсары, Мақат және т.б. сияқты станцияларда карантиндік режимге байланысты 5 пойыз жүрмейді.

Есесіне, жазғы кезеңде Алакөл көліне бірнеше жолаушылар пойызы қатынамақ. Олар: 11 маусымнан бастап күн сайын жүретін №459-6941/6942460 «Өскемен-Достық» және №4576941/6942-458 «Семей-Достық» пойыздары; 14 маусымнан бастап аптасына үш рет қатынайтын №255/256 «Алматы 2 – Достық» пойызы; 18 маусымнан бастап аптасына екі рет қатынайтын №258/257 «Нұр-Сұлтан-1 – Достық» жолаушы пойызы.

Мемлекеттік шекаралар ашылғаннан және басқа мемлекеттердің темір жол әкімшіліктерімен келісілгеннен кейін қалған бағыттар кезеңкезеңімен жаңартылады. Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің 2020 жылғы 9 маусымдағы қаулысымен теміржол вокзалдарының ғимараттарына шығарып салушы азаматтарды жібермеу жөніндегі талап жойылды.

Сондай-ақ, жолаушылардың алдын ала тапсырысы бойынша жеткізу тәсілімен жолаушылар пойыздарында ішінара қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қызметіне рұқсат етілді. Осыған байланысты Көліктегі Бас санитарлық дәрігер қаулысының талаптарын ескере отырып, вагонмейрамханалардың қызметін ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Ұлттық тасымалдаушы жолаушыларға санитарлық-карантиндік талаптарды, 1 метрлік әлеуметтік қашықтықты, вокзал аумағында және пойыз ішінде маскалық режимді қатаң сақтауды сұрайды. 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті