ҚТЖ-да жаппай қысқарту болмайды

Жаңалықтар
11.06.2020, 20:06

Соңғы уақыттары кейбір әлеуметтік желілерде Қазақстан темір жолында жаппай қысқарту болады деген ақпарат таралып жатыр. Осыған орай компанияның баспасөз қызметі мәлімдеме жасап, оны корпоративтік сайтында жариялады.

«Компанияда қызметкерлер санын оңтайландыру мен кадрларды қысқарту дегеннің екеуі екі бөлек нәрсе екенін ажыра білу қажет. Жалпы оңтайландыру жұмыстары үш негізгі факторға сүйенеді» деп көрсетеді аталған мәлімдемеде.

Біріншіден, бұл баламалы темір жол компанияларымен салыстырғанда біздегі еңбек өнімділігінің төмендігіне қатысты. Мәселен, Ресей теміржолымен салыстырғанда еңбек өнімділігі екі есе төмен, ал Солтүстік Америка темір жол компанияларына және China Railways теміржолына қарағанда мүлдем артта қалғанбыз. Егер 1 км эксплуатациялық жолға шаққандағы жұмысшылар санын есепке алсақ, РТЖ-мен салыстыруға болады, ал немістің Deutsche Bahn теміржолынан 28% артта болса, Солтүстік Америка темір жолынан көш кейінбіз. Ал техникалық және технологиялық көрсеткіштерге келсек, мысалы, РТЖ-да тиелген бағдарлар үшін вагондардың қозғалысы бойынша кепілдік беретін «арқалау» күші бүгінде 2 200 километрді құраса, бұл көрсеткіш «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да 215 км-ден аспайды екен.

Екіншіден, сол Америка теміржолында барлық құрылым негізгі табысты бизнес бағыттарды дамытуға бағыттай отырып құрылған. Басқа қалған көмекші қызметтер, мысалы, автокөлік, тазалау, ғимараттарды күтіп ұстау және т.б. мамандандырылған мердігер компаниялардың күшімен қамтамасыз етіледі. Ал «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да, мысалы, автокөліктер мен арнайы техника, гараждардың эксплуатациялық шығынының өзі 6 млрд-тан астам теңгені құрайды екен және жыл сайын ол жалақының өсуі, отын мен көлік шаруашылығының құрамдас бөлшектері мен оларды ұстап отыру бағасының көтерілуіне байланысты көбейіп отыр. Жыл сайын тым тозығы жеткен және істен шығарылған техниканың болуына байланысты айтарлықтай қомақты қаржы капитал салымдары керек. Сондықтан аталған қызметтерді нарықтан тарту әлдеқайда тиімдірек болады.

Үшіншіден, «ҚТЖ» ҰК» АҚ қол еңбегін алмастыратын жаңа технологияларды енгізуде. Мәселен, «Магистраль» АБЖ шеңберінде мобильді диагностикалық құралдарды енгізу» жобасы ескірген, тиімділігі аз алмалы қос жолды тіркеуіші жоқ ақаутапқыш арбалардан автоматтандыру жағына қарай көшуге мүмкіндік береді. «Тасымал құжаттарын қағазсыз технологиямен ресімдеуді енгізу» жобасы клиенттерге кез келген ыңғайлы орыннан электронды түрде жүк тасымалын ресімдеуге септік етеді. Нәтижесінде, мекенжайды өзгертіп жазуға берілетін өтінім мерзімі 2 күннен 1 сағатқа дейін қысқарды, сонымен қатар жоспарлау үдерісі 11 сағаттан 5 минутқа азайды. Клиенттердің станция жұмысшыларымен тікелей байланысы азайтылды, соның арқасында клиенттердің алым-салымға қатысты шағымдары кеміді және ресімдеу барысында жіберілетін қателіктер мен жаңылыс жазулар да қысқарды.

Бірінші кезекте айта кетерлік жайт – әлеуетті қысқартулардың көлемі толығымен ішкі жалдау көлемі арқылы жабылады – соңғы үш жыл бойына «ҚТЖ» ҰК» АҚ нарықтан жылына 12 мыңнан астам адамды жалға алған. Қазіргі сәтте ішкі жалдауға мораторий жарияланған және персоналды ең сұранысқа ие бірқатар мамандықтар бойынша дайындау және қайта дайындау бағдарламалары іске қосылған, мысалы, монтерлер, бригадирлер, жолсеріктер, т.б.

Жұмыс орны оңтайландыруға ұшыраған жұмысшыларға баламалы жағдай жасап, жүйелік тәсіл қолдануды қамтамасыз ету үшін персоналға жеңіл тиетіндей етіп босату бойынша кешенді бағдарлама қабылданған. Сол арқылы болашақта аталған жұмысшының ҚТЖ ішінде және басқа да ұйымдарда жұмыспен қамтылуы көзделеді. Мәселен, «Әскерилендірілген темір жол күзеті» АҚ-ның босатылған жұмысшысына «ҚТЖ» компаниясы тобының ішіндегі вакансиялар ұсынылған. Осындай жолмен 620 жұмысшы жұмысқа орналастырылған.

Аутсорсингке бейінді емес функциялар қорытындысына келсек, жалпы алғанда әлеуетті жеткізушілер алдына тиісті телімдерге жұмылдырылған ҚТЖ-ның барлық тілек білдірген жұмысшыларын жұмысқа орналастыру туралы міндетті шарт қойылады. Мұндай механизм келесідей қызмет түрлерін аутсорсингке шығару барысында қолданылған: автокөлікпен қамтамасыз ету, жүк вагондары паркіне техникалық қызмет көрсету және күтіп ұстау, пошталық корреспонденция, локомотив бригадалары үшін демалыс орындарын ұсыну бойынша қызмет.

Әрбір жеке жоба шеңберінде жұмысшыларға бірнеше нұсқа ұсынылады – басқа қызметтерге жұмысқа орналастыру, өтемақылар, зейнетке ертерек шығу, т.т.

Тағы бір мысал – Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Орал және Қызылордада жүзеге асырылып жатқан «Пойыздар қозғалысын басқару орталығы» жобасы, ол вагондар жүрісінің кепілдік беретін «арқалау» күшін айтарлықтай ұлғайтуға мүмкіндік береді. Жоба арқасында жұмыс орны мен кейбір еңбек шарттарын өзгерту көзделеді.

Сонымен егер жұмысшы көшу барысында жалақысынан айрылса, теміржолшыларға бір жылға сәйкесінше айырмамен төлем төленетін өтемақы пакеті ұсынылады. Сонымен қатар жұмысшыларға көшу қажеттілігімен байланысты басқа да өтемақылар ұсынылды.

Штатты оңтайландыру жалақы төлемі бойынша қолданыстағы қор шегінде еңбекақыны көтеруге мүмкіндік беретіні оның маңызды тұсы болып табылады. Ағымдағы қаржы жағдайында жалақыны көтеру бойынша басқа көздер «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да жоқ. Ұлттық темір жол компаниясы жұмысшыларының орташа жалақысы «өнеркәсіптік» сала бойынша орташа республикалық деңгейден 20%-ға артта қалады, ал РТЖ-дан 40%-ға кем. 2024 жылға дейін персоналға жеңіл тиетіндей жұмыстан босату бағдарламасы есебімен «ҚТЖ» ҰК» АҚ жұмысшыларының жалақысы ең аз дегенде 35%-ға өсіріледі. 2019 жылы құрылған резерв есебімен 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалақының 5% өсімі қамтамасыз етіліп, жол монтерлері үшін ЕҚК-не (еңбек қатысуының коэффициенті) сыйақы беру сынды тетіктер енгізілген, салалық және басқа да жарыстар үшін сыйақы беру қарастырылған. 

Аймақтар
28.06.2026
Қазалы теміржол вокзалында ғимаратты қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
27.06.2026
Қызылорда облысында екі вокзал мен жолаушылар платформасы жаңартылды
Аймақтар
27.06.2026
Тайынша теміржол вокзалында ғимаратты қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.06.2026
Риддер және Шемонаиха станцияларында теміржол вокзалдары жөндеуден кейін қайта ашылды
Аймақтар
26.06.2026
Жаңаесіл және Саумалкөл теміржол вокзалдары қайта жөндеуден кейін ашылды
Жаңалықтар
26.06.2026
Шу және Есіл деполарының локомотив бригадалары теміржол өткелдерінде соқтығысудың алдын алды
Жаңалықтар
26.06.2026
«KAZLOGISTICS» бас директоры Шанхайдағы халықаралық форумда елдің көлік әлеуетін таныстырды
Станция тынысы
26.06.2026
Соңғы станцияның жүгі ауыр
Темір жол тарихы
26.06.2026
Теміржолдың жырын жырлап, мұңын мұңдаған қаламгер
Жаңалықтар
26.06.2026
Ляньюньган қаласының делегациясы Ақтау портына барды
Жолаушылар тасымалы
26.06.2026
Төрт Тальго пойызында вагон-мейрамхана қызметі іске қосылды
Аймақтар
26.06.2026
Атырау облысында бес вокзал дайын
Аймақтар
26.06.2026
Күрделі жөндеу – кәсібилер қолында
Цифрландыру
26.06.2026
Сандық жүйенің жемісі
Инфрақұрылым
26.06.2026
Қазақстандық және өзбек теміржолшылары түйіспесіз жолды ұстап тұру тәжірибесімен алмасты
Жаңалықтар / Мұрағат
26.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №49 26 маусым 2026 жыл
Жаңалықтар
25.06.2026
ҚТЖ-да темір жолдағы қауіпсіздікті арттыру шаралары талқыланды
Жаңалықтар
25.06.2026
Бурабай курорты теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Әлемде
25.06.2026
Трансауған магистралінің құрылысы 2027 жылы басталуы мүмкін
Қауіпсіздік
25.06.2026
Кірме жолдардағы қозғалыс қауіпсіздігінде кілтипан көп