Мақсат - персоналды тиімді басқару

Жаңалықтар
12.06.2020, 09:57

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның ең ірі бөлімшесі – Магистральдық желі дирекциясында 46 мыңнан астам теміржолшы еңбек етеді. Болат жолдың негізі болып табылатын құрылым – магистральдық, станциялық және арнайы жолдардан, бөлек пункттерден, станциялардан, сұрыптау құрылғыларын басқарудың автоматтандырылған жүйесінен құралады және мыңдаған шақырым темір жолдың бүтіндігі мен жарамдылығы үшін жауапты.

Өңірлік деңгейдегі магистральдық темір жол желісі нысандарына 96 дистанцияны қоса алғанда 26 филиал қызмет көрсетеді. Бүгінде мұнда «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның барлық мекемелеріндегі сияқты жұмысшы санын тиімді басқаруды жақсарту бағдарламасы іске асырылуда. Алайда, бұл жүздеген теміржолшылар бір мезетте жұмыссыз қалады деген сөз емес. Керісінше, компания басшылығы қызмет орны қысқаратын немесе жабылатын жұмысшыларды жалақысыз қалдырмау жолында нақты мақсаттар қойып отыр. Бірде бір теміржолшы күнкөріссіз қалмайтынын алға тартады.

– Жұмысшы санын тиімді басқаруды жақсарту жайлы айтқан кезде біз адамдарды жұмыс орындарынан айырып, нақты қысқартуды айтпаймыз. Иә, компания ұзақ уақыт жұмысы тоқтап тұруға келмейтін қозғалыс қауіпсіздігіне қатысты мамандықтарды қоспағанда сырттан жалдамалы адамдар алуға мораторий жариялады. Бұл босатылған жұмысшыларға ҚТЖ ішінен жұмыс ұсынуға жағдай жасайды. Сырттан адам алмау туралы мораторий да дәл сол мақсатты көздейді, – деп түсіндірді инфрақұрылым бойынша басқарушы директор – «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Магистральдық желі дирекциясы» филиалының директоры Бауыржан Орынбасаров.

Филиал басшысының айтуынша, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Магистральдық желі дирекциясында жаппай қысқартулар қарастырылмаған: «Керісінше, біз жоғарыда аталған мамандықтар бойынша мамандарды қабылдауды жалғастырып жатырмыз» дейді. Компанияның инфрақұрылым бойынша басқарушы директоры қол еңбегін алмастыратын жаңа технологиялар туралы да айтты. Сондай жобалардың бірі, мысалы, «Магистраль» АБЖ шеңберінде мобильді диагностикалық құралдарды енгізу» жобасы.

– Бұл ескірген, тиімділігі аз ақаутапқыш арбалардан автоматтандыру жүйесіне көшуге мүмкіндік береді. 2019 жылдың мамыр айынан бастап біз ақаулар мен ауытқулардың пайда болу қаупін анықтауда «адами факторды» мейлінше азайтуға тырысамыз. Жол шаруашылығының диагностикалық блогы 6 мобильдік диагностикалық кешеннің толығуы есебімен дамып жатыр. Олар теміржолды кешенді диагностикалауға және рельс табанының геометриясы жағдайын мониторингілеуге арналған. Үш мобильді диагностикалық жабдық 2019 жылы іске қосылды. Биыл жылдың басында үшеуін іске қосу мен жөндеу жұмыстары жасалды, – деп мәлімдеді Бауыржан Орынбасаров.

Көп адамдарға жаңашылдықтарға сенімсіздікпен қарау тән. Жолды ақаутапқыштар арқылы толықтай мониторингілеуге арналған мобильді диагностикалық кешенге қатысты да солай болды. Теміржолшылар уақыт өте келе МДК-ның тиімділігіне көз жеткізді.

«Магистраль» АБЖ шеңберінде мобильді диагностикалық құралдарды енгізу» жобасының бірінші кезеңін жүзеге асыру процесі кезінде ақаутапқыш арбасының 121 операторынан тек 1 ғана жұмысшы өтемақымен бірге еңбек шартын бұзуды таңдағанын атап айту керек.

Қалғандарының бәрі «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да жұмысқа орналастырылды немесе зейнеткерлікке ерте шығу бағдарламасын пайдаланған (егер жұмысшының зейнеткерлікке шығуына 5 жыл немесе одан аз уақыт қалған болса және оның қызметі қысқартылып жатса, ол компаниядан ай сайын 70 мың мен 200 мыңның арасында жәрдемақы ала отырып кете алады). Ерекше айта кетерлігі – барлық ұсынылатын шаралар теміржолшылар кәсіподағымен келісіліп, жасалады.

– Темір жолда ең бастысы – тәртіп пен жүйелілік. Бізде жаңсақтыққа және «байқамай қалыппыз» деген қарабайырлыққа жол жоқ, себебі осының бәрінің артында адамдар өмірі тұр. Сондықтан әрбір маманға өте ыждаһаттылықпен қараймыз, себебі оның артында адам тағдыры тұр, – деді Бауыржан Орынбасаров. – Жалпы алғанда, темір жол инфрақұрылымы жол шаруашылығы, белгі беру және байланыс, электрмен жабдықтау қызметтерінен тұрады.

Соңғы жылдары транзиттік тартымдылықтың артуы мен жаңа темір жол желілерінің салынуымен байланысты инфрақұрылымдық жобалар кеңейе түсті. Олар темір жол желісінің оңтайлы кескіндемесін жасауға мүмкіндік берді.

Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?