Көлік жөніндегі кеңес отырысы өтті

Жаңалықтар
16.06.2020, 05:53

Маусымның 10 күні Елордада Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен Көлік жөніндегі кеңестің отырысы болып өтті. Онлайн режимде өткен кеңес отырысына «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ мен барлық министрлік басшыларымен қатар «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма басшысы Сауат Мыңбаев қатысты.

Кеңестің күн тәртібінде теміржол тақырыбына қатысты бірқатар мәселелер көтерілді. Атап айтқанда, отандық өндірістен жолаушы вагондарын шығару, темір жол инфрақұрылымын дамыту, жалпы Қазақстанның транзиттік-көліктік әлеуетін дамыту жөніндегі жобаларды іске асыру мәселелері қаралды.

«Қазақстанның транзиттіккөліктік әлеуетін одан әрі дамыту және оның контейнерлік тасымалдардың жаһандық нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі жұмыстарды жандандыру қажет», – деп атап көрсетті А. Мамин.

Көлік кешеніне қатысты бүгінгі таңдағы өзекті мәселелер, атап айтқанда, түрлі әкімшілік кедергілерді азайту, тарифтік саясатты оңтайландыру, инфрақұрылымды жаңғырту, контейнерлік сервисті арттыру, оның ішінде контейнерлік пойыздардың жылдамдығын арттыру арқылы қазақстандық темір жол транзиттік дәліздерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша шаралар қабылдау көзделіп отыр.

Айта кетейік, әлемді шарпыған пандемия көліктік қызмет нарығына әсер етпей қойған жоқ, соның ішінде темір жолдағы транзиттік тасымал да айтарлықтай зардап шегіп отыр.

Мысалы, ағымдағы жылдың төрт айында көлік саласының жалпы шығыны шамамен 350 млрд теңгені құрап, көліктің барлық түрлері бойынша жүк тасымалы өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 7,1 пайызға кеміген деген мәлімет келтіріледі.

Сонымен қатар, осы кезеңде контейнерлік тасымал өткен жылға қарағанда 29 пайызға өскені де байқалған. Кеңес отырысында Үкімет басшысы А. Мамин, сонымен қатар осы жылға жоспарланған автожол саласындағы ірі инфрақұрылымдық жобаларды да уақытылы әрі сапалы аяқтауды, сондай-ақ автомобиль жолдарына ақы төлеу жүйесін енгізуді жеделдетуді тапсырды.

Сондай-ақ отырысқа қатысушылар қаладағы жолаушылар тасымалын дамыту, ЕАЭО-да көлікте навигациялық пломбаларды пайдалану және т. б. бойынша шаралар кешенін қарастырды.

Дарын МЕДЕТҰЛЫ


Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?