«Абайлаңыз – маневр!» айлығы өткізілуде

Жаңалықтар
19.06.2020, 08:31
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның тасымал үдерісін ұйымдастыру бойынша жеделхаттық бұйрығына сәйкес республика көлемінде осы жылдың 1 маусымы мен 1 шілдесі аралығында «Абайлаңыз – маневр!» айлығы өткізілуде. Еліміздегі барлық Жүк тасымалы бөлімшелерінде басталған айлық Маңғыстау түбегінде де жалғасын тапты. 

Шара жоспарына сәйкес құрылған комиссия құрамына филиал директорының орынбасары Ерлан Бүркітов бастаған бөлімшенің өзге де басшылық қызметіндегі өкілдері – бас инженер, ревизорлар, локомотив пайдалану депосы басшылығы, станция бастықтары кірді.

– Айлық барысында қызметтік сөйлесу регистраторын тексеру кестесін жасадық. Мен осы айдың төртінде Шетпеге барсам, 16-сы Жетібай станциясын және соған қосып Маңғыстау станциясын тексердім. Тексеру барысында өзім ойлап тапқан «Пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін бұзудың алдын алу бойынша сценарлы-эпизодтық әдісті» қолдандым, – дейді Маңғыстау ЖТ бөлімшесі директорының орынбасары Ерлан Бүркітов.

Айлықты өткізу жоспарына сәйкес аймақ теміржолшылары шараның өтетіндігі туралы хабардар етіліп, барлық жерге аншлагтар ілінді. Станция және локомотив депосымен бірге пойыз диспетчері мен маневрлік және пойыздық локомотивтер машинистері арасындағы қызметтік сөйлесу тәртібі түсіндірілді. Сонымен қатар пойыз қозғалысына қатысы бар барлық теміржолшыларға нұсқаулық өткізілді. Маневрлік жұмыстар жүргізілетін станцияларда жоспардан тыс тексерулер өткізіліп, маневрлік жұмыстар сапасы мен қызметтік сөйлесу тәртібі тыңдалды.

Станция кезекшілері, локомотив бригадалары, пойыз құрастырушыларға бірінші техникалық сабақ өткізуге әрбір басшының жеке қатысуын қамтамасыз ету жайы бақыланды. Айлық барысында анықталған кемшіліктердің бәріне акт толтырылып, тиісті теміржол мекемелеріне жолданды. Бір айлықтың әрбір онкүндігі бойынша бөлек-бөлек талдау жүргізіліп отырды. Әр онкүндік нәтижелері айлыққа қатысы бар құрылымдық темір жол мекемелері қатысатын жоспарлы отырыстарда жария етілді.

– Тексеру барлық станцияларда жүргізілуде. Қазіргі таңға әзірге 3 станцияны қамтыдық. Локомотивтегі бригадамен бірге тексеруге шыға отырып техникалық ақауларды анықтадық. Соның нәтижесінде 1 локомотив пайдаланудан алып тасталды. Соған қоса станция кезекшілері мен локомотив бригадалары және пойыз құрастырушылар жұмысында да олқылықтарды көрдік. Олардың қателіктері станцияда пойызды жөнелту, маневрлік жұмыстар жүргізу және жылжымалы құрамды бекіту барысында жіберілді. Мұндай кемшіліктер жоспардан тыс тексеру кезінде де, сөйлесу регистраторын тыңдаған кезде де анықталды, – дейді Е.Бүркітов.


Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті