Апатты жағдай орын алды

Жаңалықтар
02.07.2020, 19:44

30 маусым күні түнгі сағат 01.30-да Шоқпар станциясына келген №2950 жүк пойызының 2 вагон-цистернасы жолдан шығып кетіп, апатты жағдай орын алды. 45 км/сағ жылдамдықпен 2-ші жолға келген құрамдағы жолдан тайған цистерна "HOLDING" РТС ЖШС жекеменшік компаниясына тиесілі. Апат салдарынан цистернадағы бензиннен өрт шығып, қауіпті жағдай туындаған.

Теміржолшылар қауіптің бетін қайтарып, үлкен шығынның алдын алу үшін барлық мүмкіндікті жасаған.

Оқиға орнына дереу жеткен Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру машиналары мен Шу станциясындағы өрт сөндіру пойызының күшімен екі сағатта өрт сөндіріліп, қауіптің беті қайтты.

Телімде барлық пойыздар қозғалысы тоқтатылды.

Соның ішінде 6 жолаушылар пойызы кідірді. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Апаттың шығу себебі цистернаның доңғалақ жұбы осінің ортаңғы бөлігінің сынып кетуі деген болжам жасалып отыр.

Оны оқиғаның мән-жайын тергеу бойынша құрылған арнайы комиссия анықтайтын болады.

Оқиға орнында қалпына келтіру жұмыстары жалғасып, ал теміржолшылар пойыздардың қозғалыс кестесін қалпына келтіру үшін барлық мүмкіндіктерді жасады.

Ең алдымен телімнен 12 жолаушылар және 10 жүк пойыздарын өткізу ұйымдастырылды. Кестеден кешіккен пойыздардың жолаушыларына қажетті көмек көрсетілді. Атап айтқанда, Еспе станциясында №44 пойыздың жолаушыларын, жүкті әйелдерді Шу қаласының аудандық ауруханасына тасымалдау ұйымдастырылды.

Станцияларда жолаушыларды ауыз сумен және азық-түлікпен қамтамасыз етуге арналған орындар ашылды. Шу станциясы мен вокзалы басшылығы жолаушылар пойыздарының бригадаларымен бірлесіп билет құнын қайтару және келтірілген қолайсыздықтар үшін өтемақы төлеу секілді мәселелерді шешу бойынша жұмыстарды ұйымдастырды.

Шу станциясының перронында пойыз жолаушыларына биотуалеттер орнатылды және кетуге ниет білдіргендер үшін автокөліктерге отырғызып жіберу ұйымдастырылды.

Жолаушылар пойызының кешіккені үшін айыппұл төлеу жолаушының өтініші бойынша әрбір кідірістің толық сағаты үшін билет құнының үш пайызы мөлшерінде, бірақ билеттің құнынан аспайтын мөлшерде жүргізілетінін атап өту қажет. 

Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?