Темір станциясы. Қауіпсіздік қамтамасыз етілген

Жаңалықтар
17.07.2020, 10:23
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Орынбор-Ташкент теміржол магистралінің бойында 1904 жылы салынған Темір станциясы шағын болса да шаруасы қомақты. Іргетасы қаланғалы 116 жыл болған вокзалдан бастап әр ғимарат «мен көненің көзімін» деп тұрған станциядан тәулігіне 50-60 пойыз өтеді.

Бүгінде 4 кезекші, 1 жүк қабылдап-жөнелтуші, 1 тауар кассирі еңбек ететін шағын да болса маңызды станция тек транзиттік пойыздарға ғана қызмет көрсетіп қоймайды, жергілікті жүк тиеуде де, түсіруде де үлкен роль атқарады. Әсіресе, жергілікті халықты көмірмен қамтамасыз етуде маңызы зор.

Айталық, биыл жыл басынан бері ауданға 400 вагондай көмір жеткізіліпті. Ал мемлекеттік мекемелер, яғни мектептерге, балабақша, аурухана, колледждерге бұдан бөлек 100 вагон жеткізіледі.

Егер көмір жетпей қалған жағдайда қосымша тағы да 50 вагондай көмір келмек. Станциядағы тұйық жолға кем дегенде тәулігіне 6-7 вагон келіп жүк түсіріп, тиеліп жатады.

Темір станциясы арқылы жергілікті халық Ташкентке, Тәжікстанға жүгері, бидай артады.

«Енді бір он-он бес күннен кейін бидай тиеу басталады. Бидай біткеннен кейін жүгері артамыз. Одан бөлек, 6-7 вагондай кислота келеді. Көктемгі егіс кезінде 120 вагондай селитра келді. Келген тауарды ауыл шаруашылығымен айналысатын жергілікті диқандар бөліп алды. Ал станциядағы қауіпсіздікке келсек, коронавируске қарсы барлық сақтық шаралары қарастырылған. Теміржолшыларға антисептик, күнделікті маска таратылады», – деді станция басшысы Артық Мыңжанов.

Станция басшысының айтуынша, мұнда жолдар сапалы. Қандай ақау, оқыс жағдай болса да тез арада тексеріліп, жөнделіп, ретке келтіріліп отырады. Әр айдың бірі мен оны аралығында станцияда міндетті түрде айлық өткізіледі. Оған станциядағы барлық теміржолшылар қатысып, кем-кетікті жөндеп, қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

«Темір станциясының айналасы мен арысы Арыс, Түркістан, Сарыағашқа қарай жалғасатын барлық станциялар тікенді сымдармен тартылып, қоршалған.

Сондықтан біздің станцияда мал басу оқиғасы жоқ, пойыздар адам, мал басып кетпейді.

Оның үстіне, станцияның қасындағы Шәуілдір, Балтакөлдің кейбір жолдарында аспалы жолдар салынғандықтан пойыздар жолдың астымен өтеді. Сондықтан, бізде апатты жағдайлар жоқ», – дейді станция басшысы А.Мыңжанов. 

Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты