Түрксіб темір жолының 90 жылдығына арналған кітап көрмесі

Жаңалықтар
07.08.2020, 09:21
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Қазақ темір жолындағы ұлы құрылыс Түрксіб темір жолының 90 жылдығына арналған шаралар шеңберінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ сайтында арнайы бөлімде кітаптар көрмесі ашылды.

Көрмеде Түрксіб құрылысы, қазақ теміржолдарының әртүрлі жылдарда қалыптасуы, атақты теміржолшылардың өмірбаяны, Түрксіб құрылысының басы-қасында жүрген танымал тұлғалардың еңбек жолдары, ұлы құрылысқа қосқан үлестері, ғылыми еңбектер, хроникалар, тағысын тағы әдеби кітаптар мен шығармашылық еңбектерді көруге болады.

Мәселен, 2006 жылы шыққан Қазақстанның атақты теміржолшысы Н.Есенғариннің «Хроника магистрали» деп аталатын кітабы Түрксіб теміржолының 75 жылдығына арналып, онда құрылыстың жоспарынан бастап жүргізілуі, Ұлы Отан соғысы жылдарынан теміржол жұмысы және Ақтоғай-Дружба телімінің салынуына дейін баяндалған.

«Бессмертный командарм Турксиба» деп аталатын кітабында Федор Осадчий қазақтың біртуар азаматы, қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың көпшілікке беймәлім өмір жолын, Түрксіб құрылысындағы ерен еңбегін әңгімеге арқау еткен. Осы автордың «Великий творец добра и света» деп аталатын тағы бір кітабы – атақты инженер, Түрксіб құрылысының бас техникалық жетекшісі болған Мұхамеджан Тынышпаевқа арналған.

Түрксіб мерейтойына арналған кітап көрмесінен оқырман өзіне ұнаған дүниесін көшіріп алып оқуына болады. Барлық шығармашылық еңбектің астында аңдатпасы берілген. Өткенді білмей, келешек жоқ. Егер теміржолдың тарихынан сусындағыңыз келсе, railways.kz сайтындағы кітап көрмесіне кіріп, қалаған кітабыңызды көшіріп алып, білім көкжиегін кеңейтіңіз. 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті