Маңғыстау-Бейнеу бағытында жолаушылар пойызының қозғалысы қайта жанданды

Жаңалықтар
04.09.2020, 09:09

Бірінші қыркүйектен бастап Маңғыстау-Бейнеу-Маңғыстау бағытында жолаушылар пойызының қозғалысы қайта жанданды. Карантинге байланысты наурыз айында уақытша тоқтатылған осы бағдар бойынша 657/658 пойызы Маңғыстау облысы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің Қаулысына сәйкес күн сайын қатынайтын болады.

404 километрді құрайтын бұл аралықта жолаушылар пойызы жолай 19 бекетке аялдама жасап, 9 сағаттай жол жүретін болады. Пойызда жалпы саны 7 вагон болмақ. Соның ішінде 5 плацкарт, 1 купе және бір қызметтік вагон. Плацкартта 52 орынға билет сатылатын болса, купе – 36 орын. Ал купе типтегі қызметтік вагон «штабтық» орын саналғанымен, ондағы 30 орын жолаушыларға арналады. Соның ішінде, мүгедек адамдарға да орын қарастырылған.

Пойыз жүріп бастаған алғашқы күні онда 86 жолаушы болған екен. Жолаушылар теміржол қатынасының қайта жанданғанына қатты қуанып отыр.

«Бүгін таңғы сағат 08:10-да жолаушылар пойызы аман-есен Бейнеу станциясына келіп жетті. Пойызда 86 адам болды. Енді бүгін кешкі сағат 21:50-де кейін қарай қайтпақ. Оған 200 билет сатылған екен. Бұл халықтың жол қатынасының қайта ашылғандығы туралы құлақтана бастағанын білдіреді. Ол пойыз Маңғыстау станциясына таңғы сағат 07:40-та келмек, – дейді бөлімше бастығының орынбасары Ерлан Бүркітов. 

Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?