COVID-19: екінші толқынға дайынбыз ба?

Жаңалықтар
15.10.2020, 20:12

Әлемді шарпыған коронавирус індеті адамзат баласын тазалыққа, тәртіпке үйретті. Бұрынғыдай емес, әр мемлекет шекарасын қымтап, басқа елдермен байланысын қысқарта бастады. Себебі, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы індеттің екінші толқынына дайындықты күшейтіп, сақтық шараларын қолға алуды пысықтауда.

Біз Алматы қаласын республиканың түкпіртүкпірімен байланыстырып тұрған екі теміржол вокзалының індеттің екінші толқынына дайындығын көріп қайттық. Алматы-2 вокзалында әншейінде ығы-жығы, азан-қазан болып жататын жолаушы нөпірі жоқ. Вокзалдың сырты да, іші де жым-жырт. Бірен-саран жолаушы ғана билет алып, пойыз күтіп отыр. Бүгінде халық та бұрынғыдай емес, аса қажетті шаруа болмаса, мейлінше үйден шықпауға үйренгені байқалады. 

Ал Алматы-2 вокзалы сақтық шараларын екі есе күшейтіпті. Кіреберіске «Бетпердесіз кіруге болмайды!» деген үлкен плакат ілінген. Онда ҚР ӘҚБКо-нің 425-бабына сәйкес, талапты бұзғаны үшін жеке тұлғаларға – 30 АЕК (83340 теңге), заңды тұлғаларға – 230-дан 1600 АЕК (638 940-4 444 800 теңге) айыппұл төлейтіні тайға таңба басқандай жазулы тұр. Бұдан бөлек арақашықтықты сақтауды қатаң ескерткен. 

Вокзалдың маңдайшасына санитарлықкарантиндік талаптарға орай жолаушылардың вокзалдағы жүру ережесі де ілінген. «Үйден жолға шықпас бұрын температураңызды өлшеңіз. Егер қызуыңыз көтерілсе, тәуекелге бармай, үйде қалғаныңыз жөн. Билет құны жолаушылар тасымалдау ережесіне сәйкес қайтарылады. Сондай-ақ, вокзал ғимаратына маскасыз ешкім кірмейді және бір метр арақашықтық қатаң сақталуы тиіс» делінген. 

Алыс сапарға шыққан жолаушы осы жаднамаға көз жүгіртіп шықса, артықтық етпесі анық. 

Кіреберісте жолаушылардың қызуын тексеріп өткізіп жатыр. Санитайзер вокзал кіреберісіне де, ішіне де орнатылған. Одан бөлек арақашықтық сақтау үшін еденде арнайы белгілер көрсетілген. Күту залындағы орындықтар да сондай. Жолаушының бір-біріне жақын отырмауы, билет алар кезде қашықтық сақтауы қамтамасыз етілген. 

 Алматы-1 теміржол вокзалында да тура осы көрініс. Мұнда жолаушылардың қарасы көптеу көрінді. Бірақ бәрі де сақтық шараларын қатаң ұстануға дағдыланып қалғаны қуантты. 

«Қазір вокзалдың кіреберісіне антисептик кілемшесі қойылды. Вокзал ғимаратына бетпердесіз адамның кіруіне қатаң тыйым салынған. 

Сондай-ақ, дезинфекция шарасын да қатаң жүргізу жолға қойылды. Әр 2 сағаттан кейін еден жуылады, есік тұтқалары антисептикпен сүртіледі. Вокзалдың тазалығына, дезинфекция жүргізу жұмысына арнайы фирма жауапты.

Біз олармен келісім-шарт жасадық. Олар бұл жұмысты ойдағыдай атқарып келеді. Тағы бір айта кетерлігі, бүгінде жолаушылар саны да екі есе азайған.Бір сөзбен айтқанда, Алматы қаласының тоғыз жол торабын байланыстырып тұрған екі теміржол вокзалы қала бас санитар дәрігері Ж.Бекшиннің талабы мен нұсқауын орындап отыр» деп жауап берді оңтүстік астанадағы екі вокзал ғимаратының күтіміне жауапты «Алматыэлектротранс» ЖШС баспасөз қызметі. 

Бұл індет ғасырда бір қайталанады екен.

Осыдан жүз жыл бұрын әлем халқын тұмау эпидемиясы қынадай қырғаны белгілі. Міне, сол 1918-19 жылдары АҚШ-та маска тақпаған адамдарды полиция ұстап шара қолданатын болған. Бұл талап пен тәртіп бізге де келді. Қазір әр адам өз өміріне, денсаулығына жауапты кезең. Сондықтан сақтық шарасының бір парасы – маска тағу әр адамның күнделікті өмір салтына айналуы ғажап емес. 

Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті