Алтынкөл жол дистанциясының құрылғанына 9 жыл толды

Жаңалықтар
22.10.2020, 20:52
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Алматы магистральдық желі бөлімшесіне қарайтын Алтынкөл жол дистанциясының құрылғанына кеше 22 қазанда 9 жыл толды. Дистанция жолшылары мемлекетаралық шекара нүктелері – Жетіген-Алтынкөл, Алтынкөл-Қытаймен шекара аралығындағы темір жолдардың күтіміне жауапты.  

Жетіген-Алтынкөл темір жол желісі Алматы облысының 5 ауданынан, атап айтқанда, Іле, Талғар, Еңбекшіқазақ, Ұйғыр және Панфилов аудандарының үстінен өтеді. 

Сонымен қатар бұл телімдегі болат жол еліміздің ең ірі өзендері – Іле, Шарын, Күршілік, Түрген сынды Жетісудың інжу-маржандарын кесе салынған. Бір ғана Іле өзенінің үстінен салынған көпірдің ұзындығы 960 метрді құрайды. 

 Дистанцияның бас инженері Жандос Қожамжаровтың айтуынша, мекеме құрамына 10 бекет, 4 станциядағы жолдар қарайды. 11 айналымдағы жолшылар ұзынырғасы 301,4 км теміржолдың күтімін жасап отыр. Теміржол төсемінің күтімінен бөлек 288 бағыттама бұрма, 45 өткел бар. Өткелдің тек біреуі күзетіледі. 28 көпір мен 297 құбыр және 3 автожол өтпесі де осы дистанцияның қадағалауында. 3 өндірістік телім, 15 желілік телім, механикалық шеберлер цехы, ақаутапқыштар цехы, жасанды имараттар цехы да дистанцияның ажырамас бөлігі. 

– Дистанцияға қарайтын темір жолдар Жетісудың әсем табиғатын аралап өтеді. Жасанды имараттар жиі арнасынан асып-тасып жататын Шарын, Қорғас өзендеріне де салынған. Оның сұлулығымен қоса қаупі де сонда, өзендер үстінен болат жол кесіп өтетіндігінде. 

Бірақ жолшыларға сапалы қызмет етуге ештеңе кедергі болмауы керек. Сондықтан біздің жұмысшылар үшін жолдар мен имараттардың ағымдағы жағдайын жасап, жоспардағы алдын алу жұмыстарын дер кезінде орындау, анықталған кемшіліктерді жою – басты міндет. Жол шаруашылығында қызмет ететіндердің міндетіне жол күтімін жасап, жөндеуден басқа да нысандарды қабылдап алу, өткелдердегі пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қар, құм, тасқын сумен күрес жұмыстарын ұйымдастырып, жүргізу сынды толып жатқан жұмыстар кіреді. Оған қоса жол машиналары мен механизмдерді, құрал-жабдықтарды да нормаға сай жөндеп, жұмысқа жарамды болатындай баппен ұстап отыру да керек, қысқасы, жыл он екі ай тыным жоқ, – дейді бас инженер. 

Жол дистанциясы құрылған жылдары 155 адам еңбек еткен болса, қазір мекеменің штат саны 225 адамға жеткен. Оның ішінде 104 жол монтері бар. 2013-2016 жылдары дистанция бойынша орташа балдық көрсеткіш 38 балл болды. 2014-2016 жылдар аралығында шаруашылық жолымен малға қарсы 50,7 км жолға бөгеттер салынды. 

Дистанцияға қарасты телімде құм көшетін перегондар – Нұрлы- Ортақұдық, Ортақұдық-Шарын, Құндызды-Иінтал, Иінтал-Алтынкөл аралығында. Оның күтімі де бөлек. 

Үлгілі ұжым атанған дистанцияда ерен еңбегімен еленген жолшылар қатарында Тасқарасу №9 желілік телімінің жол шебері, «Қозғалыс қауіпсіздігі үшін» медалінің иегері Самат Бағбаев, Шелек станциясындағы №5 желілік телімнің жол бригадирі Дастан Жуанышев, Иінтал станциясындағы №13 желілік телімнің жол бригадирі Омар Күренбаев, жол шебері Бауыржан Қабанбаев, жетекші инженер Сырым Тұраханның аты аталады. 

Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті