Өзіне-өзі қызмет көрсету автоматтары арқылы билеттерін комиссиясыз рәсімдеуден акция басталады

Жаңалықтар
05.11.2020, 19:27
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

2020 жылдың 9 қарашасы мен 31 желтоқсаны аралығында өзіне-өзі қызмет көрсету автоматтары арқылы темір жол билеттерін комиссиясыз рәсімдеу бойынша акция басталады. 

 Бүгінде теміржол көлігіне билеттерді «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның 165 билет кассасынан, 3000 агенттік кассадан, оның ішінде пошта бөлімшелерінен, сауда нүктелерінен, сондай-ақ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның bilet.railways.kz сайтын қоса алғанда, 15 интернет-сайттан және де «ҚТЖ билеті» мобильді қосымшасы арқылы сатып алуға болады.

Бұдан басқа, теміржол билеттерін вокзалдарда және олардың аумағынан тыс жерлерде орнатылған 30 000 өзіне-өзі қызмет көрсету автоматтарынан сатып алуға болады. Осы ретте, ұлттық оператор алға тартқан мәліметтерге сүйенсек, Интернет және өзіне-өзі қызмет көрсету автоматтары арқылы алатын темір жол билеттерінің онлайн сату үлесі тұрақты өсу үрдісіндегі билеттің жалпы көлемінің 47%-ын құрап отыр. 

Еске сала кетсек, биыл теміржол билеттерін сату жүйесін жетілдіру аясында бірнеше жаңашылдық жүзеге асты. Мәселен, мүгедектігі бар адамдарға bilet.railways.kz сайты арқылы жеңілдікке ие темір жол билеттерін сатып алу мүмкіндігі ұйымдастырылды.

Сайт «Каспий Банк» АҚ процессингімен толықтырылып және де билет кассаларында POS-терминал арқылы бұрын сатып алынған теміржол билеттерін қайтару кезінде жолаушы картасына ақша қаражатын автоматты түрде қайтару функциясы іске асырылды. Сондай-ақ, «ҚТЖ билеті» мобильді қосымшасында саусақ ізі – Touch ID және Pin-код арқылы пайдаланушыларды сәйкестендіру функциясы іске қосылды.

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті