Екі мың теміржолшы екпе алды

Жаңалықтар
16.06.2021, 21:31
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Шымкент бөлімшесі филиалының директоры А.Арысбаевтың төрағалығымен жұмыскерлерді вакциналау бойынша штаб құрылды. Қазіргі таңда көпшілік екпенің пайдасын түсініп, өз еріктерімен емханаларға барып кезекке тұруда. Айталық, Шымкент қаласы бойынша бүгінгі таңға дейін 175270 адам екпе алса, оның ішінде 85 233 екінші компонентін толық алып үлгерді. Ал Түркістан облысы бойынша 206 376 адам екпенің 1-ші компонентін қабылдады. Шымкент жүк тасымалы бойынша құрылған штабқа «Қазтеміртранс» АҚ Шымкент филиалы, «ӘТЖҚ» ЖШС Түркістан филиалы,  Кедентранссервис» АҚ Шымкент аймақтық филиалы және «Shymkent Medical Services» ЖШС мүше болып кірді. Аталған штаб жұмысшылар мен олардың отбасы мүшелерінің екпе алуын, жұмысшыларға оның маңыздылығын түсіндіру мақсатында ақпараттық жұмыстарды күшейтуді, «Медикер» ЖШС аймақтық өкілдігімен немесе өңірлік денсаулық сақтау басқармаларымен бірлесіп, жұмысшыларды екпеден  өткізетін пункттер ұйымдастыруды қамтамасыз етуді мойнына алды. Шымкент магистральдық желі бөлімшесі кадр бөлімінің бастығы Б.Назарованың айтуынша, COVID-19-ға қарсы екпе алған әрбір жұмысшыға 20 жұмыс күні ішінде әр компонентті алғаннан кейін екпе пунктінен алып келген мөр басылған анықтамасы бойынша бір күн жұмыстан босатылады  және жалақысынан ұсталмайды. Қазір екпе алам деген халықта таңдау көбейді, яғни Спутник V, HayatVax, QazVac. Келушілер қайсысын салдырам десе де өз еркі. Осы тұста бір айта  кететін жайт, тұмау, фарингит, қан қысымы сияқты т.б. аурулар болғанымен, жазылған соң қайтадан келіп вакцина алуына болады дейді дәрігерлер. «Қазір бізде Hayat-Vax вакцинасы салынып жатыр, ол екі этаптан тұрады. Мұнда келген теміржолшылар көбіне қай түрі жақсы, қайсысын салдырғанымыз дұрыс, екпеден кейін қандай жағымсыз әсері болады деп сұрайды. Келген теміржолшыларға бәрін айтып түсіндіріп жатырмыз.  Барлық вакциналар екі компонентті. Айырмашылығы екі компоненттің салыну арақашықтығында. Бастапқыда Спутник V-дің 2-ші компоненті 21 күннен кейін салынатын, қосымша зерттеуден соң интервалды 21-ден 45, 90 күнге дейін ұзарту ұсынылды. Ол вакцинаның сапасына еш әсер етпейді. Ал, араб вакцинасының интервалы 2-4 аптаны құрайды. Яғни екінші компонентті 14 немесе 21 күннен кейін салдыруға болады. Ал, QazVac 21 күннен  кейін егіледі», – деді «Shymkent Medical Services» ЖШС бас медбикесі Гүлбахар Сұлтанқызы. Қазіргі таңда жұмысшылар мен олардың отбасыларын көбірек тарту мақсатында COVID-19 қарсы вакциналау штабы жақсы жұмыс жасап жатыр. Барлық бөлімшелерде халықты жаппай вакциналау туралы буклеттер таратылды. Сонымен қатар, емхана немесе Медикер орталығына тіркелмеген  болса да жергілікті азаматтар барып вакцина алуына болатын жағдай жасалып қойған. Бүгінге дейін аймақта 2 мыңнан астам теміржолшы коронавируске қарсы екпе алды.

Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты