Арыстағы өрттен кейін мамандар сары фосфордың ауаға жайылу қаупін зерттеп жатыр

Жаңалықтар
10.08.2021, 11:13
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Өткен аптада күтпеген жерден Арыс станциясында өрт шықты. Фосфор тиелген контейнерден тұтанған өрт қала халқын әжептеуір әбігерге түсіріп, қайсы бір жылғы алапат өрттен зәрезап болып қалған тұрғындарды тәп-тәуір дүрліктірді. Оқиғаны тарқатып айтар болсақ, 6 тамыз күні сағат 16.25 минутта Арыс теміржол вокзалында жүк пойызының контейнерінен өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түседі. 2 контейнер вагонға тиелген «сары фосфор» болған. Аталған пойыз Жамбыл облысынан шығып Ресейге бет алған. Жалпы, жүк пойызының құрамында 64 вагон болған. Өрт №54 вагоннан шыққан. Тауарды фосфордың отаны саналатын Жамбыл облысындағы «Казфасфат» ЖШС жөнелткен. Алушы – Ресейдің «КТСП» ЖАҚ. Өрт шыққан вагондар дереу пойыздан ажыратылып, қауіпсіз жерге қойылды. Оқиғадан пойыз құрамындағы басқа вагондар зиян шеккен жоқ. Төтенше жағдайға алдымен «ҚТЖ» ҰК» АҚ 12 қызметкері мен 1 бірлік техника мен Өрт сөндіру пойызы, ЖПБ 20 қызметкері мен 1 техника бірлігі, ҚР Қорғаныс министрлігінің 44859 әскери бөлімінен 8 әскери қызметші және 2 бірлік техникасы, Арыс аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінен 3 қызметкер және 1 бірлік техника тартылды. Ал жалпы өрт сөндіруге 291 адам, 42 техника және өрт сөндіру пойызы жұмылдырылды. Өрт 21.55-те толықтай сөндірілді. Жергілікті әкімдік тарапынан станцияға жақын орналасқан «Наурыз» мөлтек ауданынан 1700 адам эвакуацияланды. Оның ішінде 1050 адам туыстарының үйіне жайғасса, 650 адам уақытша ашылған 4 эвакуациялық пунктке, яғни мектептің ғимаратына орналастырылды. Оқиғаға байланысты Түркістан облысы ТЖД жедел желіні іске қосты. Оқиға орнында құрылған жедел штабта облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, облыстық ТЖД бастығы Н. Жүнісов, облыстық Полиция департаментінің бастығы А.Сейдуалиев, Арыс қаласының әкімі Г.Құрманбекова, Арыс қаласы бойынша ТЖ комиссиясы мен авариялық қызмет өкілдері жұмыс істеп, оқиғаның жай-жапсарын тексеруге кірісті. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет тарапынан өрт сөндірілгеннен кейін ауа сынамасы алынды. Полиция департаменті өрт болған пойыз аумағы мен елді мекен маңын қоршап, 6 блок-бекет қойды.

Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты