Жолаушылар вагоны қысқа тастүйін дайын

Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

«Вагонсервис» АҚ-ның Батыс филиалы 447 жолаушылар вагонына техникалық қызмет түрлерін көрсетіп, алдағы қыс маусымына тастүйін дайындады.

Ұлттық компания құрамындағы «Вагонсервис» АҚ-ның Батыс филиалы – үлкен ұжымдардың бірі. Ақтөбе, Орал, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау секілді үлкен өңірлердегі телімдер осы жерден басқарылады. Яғни ауқымды жұмыс көлемі де осында. Қозғалыс қауіпсіздігі қатаң сақталған. Жолаушылар пойыздарындағы вагондар осы жерде жабдықталады. Мекеме жолаушылар вагонының таза болып, жарық пен су, жылу жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етіп отыр.  

«Вагонсервис» АҚ жолаушылар вагондарын жөндеу жөніндегі батыс филиалының директоры Асхат Маратовтың айтуынша, вагондарға жөндеу жұмыстары жоспар бойынша уақытылы жүргізілген. Техникалық қызмет көрсетудің 1-ші талабы бойынша филиалдағы Қытай, Украина және Ресей өндірісінен шыққан жалпы саны 652 вагонға күнделікті бақылау, тексеру жұмыстары өткізіледі. Қазіргі уақытта қысқы тасымалдау алдындағы жоспарлы жөндеу жұмыстары аяқталған.  

«Техникалық қызмет көрсету-2» талабы бойынша да жұмыстар толығымен аяқталды. Жоспар бойынша қысқы тасымалдау алдында 254 вагон тексерістен өтті. Жылу жүйелері қаралып, тексерілді. «Техникалық қызмет көрсету-3» талабы бойынша 193 вагон дайындалды. Вагон ішін жолаушыларға жайлы әрі эстетикалық тұрғыдан тартымды ету жұмыстары жүргізілді», – дейді батыс филиалының директоры Асхат Маратұлы.  

Оның айтуынша, «Техникалық қызмет көрсету-2» талабы бойынша вагондар жылына екі рет сервистік қызметтен өтеді екен. Бірі көктемгі комиссиялық байқауда, екіншісі күзгі байқауда. Батыс филиалы бойынша мыңға жуық қызметкер жолаушылар вагондарының таза әрі қажетті дүниелермен жарақтандырылуына қызмет етеді. Әсіресе, тексеріс барысында қауіпсіздік пен сапалы қызметке баса көңіл бөлініп, тежегіш жүйесі, қосалқы дөңгелек, автотежегіштің жұмыс істеуі қатаң бақылауға алынған. 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда