Семейде жолаушылар пойызының қозғалыс кестесіне өзгеріс енгізілді

Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Жазғы маусымға орай Семей теміржолы бойынша жолаушылар пойызының қозғалыс кестесіне өзгерістер енгізілді. Қайтадан әзірленген кестеде шартараптан ағылатын пойыздардың тораптық станциялардағы аялдау мерзімімен қатар, келу-кету уақыттары да біршама өзгерді.

Соның ішінде Семей станциясы бойынша ерекшелік басым. Атап айтсақ, №21-ші Семей-Қызылорда бағытындағы күнделікті қатынайтын жолаушылар пойызы ендігі аралықта түс әлеті ауа, яғни 13:38-де жолға шығатын болды. Сол тәрізді еліміз бойынша жолаушылар тасымалындағы ең ұзын маршрут саналатын, тақ күндері жолға шығатын, шығыс пен батысты жалғайтын №37-ші Семей-Маңғыстау пойызының уақыты 15:15-ке ауысты. Бұл өзгерістердің барлығы да сәуір айының 1-ші жұлдызынан бастап толықтай күшіне енді.  

Жаңа құрылған кесте Семей шаһарынан жұмыс бабымен сапар шегушілер үшін мейлінше тиімді болып тұр. Оның себебі, жолаушылар пойыздарының басым көпшілігі Алматыға да, Астана мен Ақтау қалаларына да таңертеңгі мезгілде ертемен жетеді екен.  

Сонымен қатар, халықаралық бағыттар саналатын, пандемиядан кейін қайта жанданған Новосібір – Бішкек, Новосібір – Алматы, Новосібір – Ташкент пойыздарының қозғалысында да қысқы мезгілмен салыстырғанда шамалы айырмашылықтар бар. Жалпы, өткен жылдан бастап Ресей мен Орта Азияны жалғайтын жолаушылар пойыздарының саны біршама артқан болатын.  

– Жолаушылар пойыздарының қатары алдағы уақыттарда әлі де қосыла түсетін болады. Қаламаңы тасымалына жататын Семей-Достық пен Өскемен-Достық бағытындағы жолаушылар пойызы жылдағы дәстүр бойынша туристік маусымның ашылуына орай жазғы мезгілде жолға шығарылады деп күтілуде, – дейді бұл орайда пікір білдірген Семей вокзалының басшылығы.  

Айта кетерлігі, қазіргі таңда Жаңа-Семей және Семей теміржол бекеттері бойынша жолаушылар нөпірі бұрынғы жылдармен салыстырғанда біршама артып отыр. Бүгінгі таңда Семей вокзалынан тәулігіне екі мыңның үстіндегі жолаушылар шартарапқа жол тартады екен.  

 

Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды