Жамбыл облысында енгізілген ТЖ жағдайына байланысты жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі өзгертілді

Биылғы жылдың 15 желтоқсанында Жамбыл облысының Қордай және Шу аудандарының аумағында қатты жел мен аяздың салдарынан жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.

Осыған байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ Астана уақыты бойынша таңғы сағат 5-тегі жағдайға сәйкес ауа райы жағдайлары жақсарғанға дейін жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесінің өзгеруі және кешігуі туралы хабарлайды.

Қазіргі уақытта станцияға келу уақытына сәйкес келесі жолаушылар пойыздарының кешігуі сақталуда: 

  • №72 Шымкент-Нұр-Сұлтан 06.00 сағатқа;
  • №3 Алматы-Нұр-Сұлтан 10 сағат 30 минутқа;
  • №27 Алматы-Орал 9 сағатқа;
  • №9 Алматы-Нұр-Сұлтан-1 11.00 сағатқа;
  • №86 Шымкент-Нұр-Сұлтан-1 06.00 сағатқа;
  • №1 Алматы-Ташкент 14 сағат 40 минутқа;
  • №11 Алматы-Шымкент 8 сағат 30 минутқа;
  • №22 Қызылорда-Семей 08.00 сағатқа;
  • №21 Семей-Қызылорда 08 сағат 20 минутқа;
  • №43 Алматы-Қостанай 08.00 сағатқа;
  • №77 Алматы-Маңғыстау 02 сағат 30 минутқа;
  • №29 Алматы-Атырау 07 сағат 20 минутқа;
  • №7 Алматы - Саратов 04 сағат 30 минутқа;
  • №45 Павлодар-Түркістан 03 сағат 40 минутқа;
  • №75 Петропавл-Қызылорда 03 сағат 20 минутқа.
  • №33 Алматы-Ақтөбе 06 сағат 30 минутқа;
  • №506 Жезқазған-Алматы 5 сағат 13 минутқа;
  • №509 Алматы-Орал 06 сағат 37 минутқа;
  • №511 Алматы-Атырау 02.00 сағатқа;
  • №52 Орал-Алматы 12 сағат 36 минутқа;
  • №42 Атырау-Алматы 10 сағат 49 минутқа.

Биылғы жылдың 15 желтоқсанында №51/52 Алматы 2-Орал және №41/42 Алматы 2-Атырау бағыты бойынша жолға шығатын пойыздардың кестесі өзгертілді. Тальго №41/42 Алматы 2-Атырау және кері бағытта пойыз билеттерін сатып алған жолаушылар №511/512 Алматы 2-Атырау стандартты пойызымен, ал №51/52 Алматы 2-Орал бағыты бойынша және кері бағытта Тальго пойызына Билеттерді сатып алған жолаушылар №509/510 Алматы 2 - Орал стандартты пойызымен жүреді.

Жолаушылар пойыздарының қозғалысында ауа-райының қолайсыздығына байланысты қиындықтар бар. Темір жолдарды тазарту жұмыстары жүргізілуде.

ҚТЖ-да ТЖ жағдайында пойыздар қозғалысын үйлестіру бойынша барлық қатысы бар бөлімдердің қатысуымен жедел штаб құрылды.

Жолаушылар «1433» тегін нөмірі және «KTZH_PP_BOT» бот жеделхаттары арқылы Жолаушылар пойыздарының кешігуі және күшін жою туралы ақпарат ала алады.

Аймақтар
01.09.2026
Абай облысында Жалаңашкөл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.09.2026
ҚТЖ оқушыларды темір жолдағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды
Цифрландыру
01.09.2026
Цифрландыру – басым бағыт
Аймақтар
01.09.2026
Жамбыл өңіріндегі теміржол байланыс жүйелері қалай жаңарып жатыр?
Жүк тасымалы
01.09.2026
Теміржол маусымның алғашқы миллиондық астығын тасымалдады
Аймақтар
01.09.2026
Сексеуілдік жолшылар жеткен жетістік
Аймақтар
01.09.2026
Тарихпен бірге жасасқан...
Әлеумет
01.09.2026
КТЖ еріктілері шалғай станциялардағы 730 бірінші сынып оқушысына мектеп жиынтықтарын жинап берді
Аймақтар
01.09.2026
Маңғыстаулық мерейлі отбасы
Әлеумет
01.09.2026
Алпамыстар мектепке барды
Жаңалықтар / Мұрағат
01.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №69 01 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
31.08.2026
Тағы төрт теміржол вокзалы қайта жаңартудан кейін ашылды
Әлеумет
31.08.2026
Теміржолшылардың 8 мыңнан астам баласы Қазақстан сауықтыру лагерлерінде демалды
Аймақтар
31.08.2026
Қостанайда жаңартылған теміржол вокзалы ашылды
Аймақтар
31.08.2026
Еліміздің үш өңірінде бес теміржол вокзалы жаңартудан кейін қайта ашылды
Аймақтар
31.08.2026
Өскемен-1 вокзалы жаңартудан кейін ашылды
Аймақтар
31.08.2026
Тереңөзек станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Әлемде
31.08.2026
Беларусь елі теміржол арқылы жүк тасымалдау тарифін көтерді
Жаңалықтар
29.08.2026
Стратегиялық серіктестік векторы: Теміржолшылардың халықаралық байқауы
Жаңалықтар
29.08.2026
ҚТЖ және Huawei Қазақстан темір жолдарын цифрландыруды күшейтуде