Каспий мен Жайықты жалғады

Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

«Жолаушылар тасымалы» АҚ Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында еліміздің батыс өңірінің тұрғындары үшін тамаша тарту жасады. Тек батыс халқы ма, барша қазақстандықтар үшін жағымды жаңалық – Қарт түбекті Жайықпен жалғастырған жолаушы пойызының жолға шығуы болды.

«Орал-Маңғыстау» бағытындағы жолаушылар пойызын қарсы алған түбектіктердің көлкөсір қуанышына ортақ болып біз де вокзалға келіп, ақжолтай пойыздың алғашқы жолаушыларына ұсынылған дәмнен ауыз тидік. 

Желтоқсанның онынан жүре бастаған жаңа құрам Маңғыстау станциясына 12 желтоқсанда келіп жетті. Пойызды Маңғыстау вокзалында теміржолшылар бастаған жергілікті халық шашу шашып, зор қошеметпен күтіп алды. Пойызбен жеткен жолаушылар өздерінің құрметіне жайылған ақ дастарханда бауырсақ, шұбаттан дәм татып, лебіз-тілектерін білдіріп, мәз-мейрам көңіл-күймен тарасты. Жолаушылардың айтуынша, бұл пойыздың бағыты да көңілден шығады, Маңғыстауға келіп-кететін уақыты да қолайлы. «Оралдан келерде барар жерге күндіз жетіп, жолға шығар болсақ күнімен бар шаруамызды реттеп болып кетеді екенбіз» дейді олар.

– Бұл «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның Тәуелсіздік меркесіне орай халыққа жасаған тосынсыйы болды. Келіп-кетіп жатқан жолаушылар ерекше алғысын білдіруде. Әрине, қуанышты жайт, өйткені бұдан былай жолаушылар Орал қаласына тіке баратын мүмкіндік алып отыр. Бұған дейін ол үшін қосымша бір ғана вагон жүретін. Вагон Маңғыстау – Мәскеу пойызына тіркеліп, Ақтөбеге дейін жетсе, одан әрі қарай Орал пойызына жалғанатын. Енді Маңғыстау станциясынан бір құрам қатынайды. Пойыз жұп күндері жүреді. Бізге түскі сағат 14.49-да келсе, кешке 22.05-те қайта қозғалады. 6 купе, 2 плацкарт вагондарынан тұрады. Оралдан Маңғыстау станциясына дейін 35 сағат 47 минут жүреді. Сол аралықта елуден астам бекет, станцияларды басып өтеді, – дейді Маңғыстау вокзалының бастығы Айгүл Әмірова. 

Пойыз түбек вокзалына сегіз вагонда 320 орынның 217-сі толып келіпті. Маңғыстау станциясынан 9 вагон болып қайта жолға аттанды. Маңғыстаудан жолға аттанғалы тұрған халық та аталған бағыттағы пойыздың алғашқы жолаушылары екенін біліп, өз орындарына қуана жайғасып жатты. Кері аттанарда жаңа пойызға 372 орын берілген, соның 360 билеті сатылған. Демек бұл жаңадан ашылған «Орал-Маңғыстау» бағытындағы жолаушылар тасымалына қазірдің өзінде халықтың сұранысы жоғары деген сөз. 

Аймақтар
01.09.2026
Абай облысында Жалаңашкөл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.09.2026
ҚТЖ оқушыларды темір жолдағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды
Цифрландыру
01.09.2026
Цифрландыру – басым бағыт
Аймақтар
01.09.2026
Жамбыл өңіріндегі теміржол байланыс жүйелері қалай жаңарып жатыр?
Жүк тасымалы
01.09.2026
Теміржол маусымның алғашқы миллиондық астығын тасымалдады
Аймақтар
01.09.2026
Сексеуілдік жолшылар жеткен жетістік
Аймақтар
01.09.2026
Тарихпен бірге жасасқан...
Әлеумет
01.09.2026
КТЖ еріктілері шалғай станциялардағы 730 бірінші сынып оқушысына мектеп жиынтықтарын жинап берді
Аймақтар
01.09.2026
Маңғыстаулық мерейлі отбасы
Әлеумет
01.09.2026
Алпамыстар мектепке барды
Жаңалықтар / Мұрағат
01.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №69 01 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
31.08.2026
Тағы төрт теміржол вокзалы қайта жаңартудан кейін ашылды
Әлеумет
31.08.2026
Теміржолшылардың 8 мыңнан астам баласы Қазақстан сауықтыру лагерлерінде демалды
Аймақтар
31.08.2026
Қостанайда жаңартылған теміржол вокзалы ашылды
Аймақтар
31.08.2026
Еліміздің үш өңірінде бес теміржол вокзалы жаңартудан кейін қайта ашылды
Аймақтар
31.08.2026
Өскемен-1 вокзалы жаңартудан кейін ашылды
Аймақтар
31.08.2026
Тереңөзек станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Әлемде
31.08.2026
Беларусь елі теміржол арқылы жүк тасымалдау тарифін көтерді
Жаңалықтар
29.08.2026
Стратегиялық серіктестік векторы: Теміржолшылардың халықаралық байқауы
Жаңалықтар
29.08.2026
ҚТЖ және Huawei Қазақстан темір жолдарын цифрландыруды күшейтуде