Тазалық талаптары – бәріне ортақ

Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Қазақстанда жолаушылар пойызы – ең көп сұраныстағы және қолжетімді көлік. Алайда, жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету үшін санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтау қажет.

ҚР ДСМ СЭБК Көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Жанар Уразалина жолаушылар пойыздарын пайдалануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар туралы айтып берді.  

– Жолаушылар пойыздарының вагондары тазалық пен гигиенаны сақтауға бағытталған іс-шаралар кешенінен өтеді. Бұған сыртқы жуу, дезинфекциялау, жабдықты жөндеу, вагондардың ішін тазалау, ауыз су мен жанармай құю кіреді. Сондай-ақ санитарлық құрал-жабдықтар мен медициналық керек-жарақтар қамтамасыз етіледі, – дейді департамент басшысы.  

Оның айтуынша, жолаушылар пойыздарын құрастыру пункттерінде вагондардың сыртын жуу, дезинфекциялық өңдеу, ішкі және санитарлық-техникалық жабдықтарды жөндеу, желдету жүйесін тазарту, вагондардың ішін және жабдықтарды жинау, ауыз су және отын құю, вагондарды алмалы-салмалы мүкәммал заттармен – таза, құрғақ ақаулары жоқ төсек-орын жабдықтары жиынтығымен қамтамасыз ету, жуу және дезинфекциялау құралдарымен жарақтандыру және медициналық қобдишаны дәрі-дәрмектермен толықтыру, т.т. жұмыстары жүргізіледі.  

– Сонымен қатар жәндіктер мен кеміргіштерге қарсы дезинсекциялау және дератизациялау тұрақты түрде жүргізіледі. Вагондарды дезинсекциялық өңдеу айына 1 реттен, ал дератизациялық өңдеу тоқсанына 1 реттен жүргізіледі. Жолаушылар пойызының әрбір вагонында қолжетімді жерде вагонның ішін тазалау кестесі ілінеді. Төсек-орын – матрастар, жастықтар, қысқы көрпелер жылына екі рет шаңнан тазартылады және камералық өңделеді. Камералық зарарсыздандыруға жатпайтын синтетикалық толтырғышы бар матрастар мен жастықтар тоқсанына бір рет дезинфекциялық өңдеуден өтеді. Жазғы көрпелер айына екі рет химиялық тазаланады, – дейді ол.  

Матрас пен жастық қаптары айына кемінде бір рет жуылады. Жастық тыстары, жаймалар, көрпе жамылғылары әр рейстен кейін ауыстырылады. Кілемшелер тоқсанына бір реттен сиретпей жуылады немесе химиялық тазартылады. Рейске жөнелту алдында және ластануына қарай көп рет пайдаланылатын ыдыс-аяқ пен асхана аспаптары жуу және дезинфекциялау құралдарымен ыстық сумен жуылады.  

Вагондар сыртқы және ішкі өңдеу аяқталғаннан кейін алмалы-салмалы мүкәммалмен, шайға керек-жарақтармен және ыдыспен, сабынмен, дәретхана қағазымен, қағаз сүлгілермен жабдықталады. Жолаушылар төсек-орын жабдықтарымен қамтамасыз етіледі.  

Жолаушылар пойыздарында осынау санитарлық нормаларды сақтау – ұлттық тасымылдаушы «Жолаушылар тасымалы» АҚ-дан бөлек, барлық жекеменшік тасымалдаушыларға да ортақ міндет.

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда