Наурызда пойыздың қатынауы өзгертілген уақыт белдеуіне бейімделеді

2024 жылдың 1 наурызынан Қазақстанның барлық облыстарындағы сағаттар үшін бірыңғай бесінші уақыт белдеуі енгізіледі. 

Осылайша Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Абай, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау және Шығыс Қазақстан облыстары уақытты 1 сағатқа артқа жылжытады. 

Бұл өзгеріс осы өңірлерге қатынайтын жолаушылардың теміржол тасымалына да әсер етпек, деп хабарлады 24.kz телеарнасы. 

«Жолаушылар тасымалына жауапты пойыздардың уақыт кестесін жасағанда Қазақстан бойынша бірыңғай уақыт белдеуінің енгізілетіні ескерілді. Наурыз айында пойыздардың келу-кету уақыты ортақ уақыт белдеуі бойынша болады. Бұл өзгеріс жолаушы билеттерінде де қарастырылған. Енді азаматтардың өз сағаттарындағы және техникалық құрылғыларындағы уақыт көрсеткіштері дұрыс болса болды. Сондай-ақ жол жүрушілерге сапарларын алдын ала жоспарлап, билетте көрсетілген уақытқа мұқият болуға кеңес береміз. Cұрақ туындаса, 1433 телефон номеріне хабарласуға болады», - деді "Жолаушылар тасымалы" АҚ Баспасөз қызметінің өкілі Нұрсұлтан Ибраев. 

Яғни пойызға міну үшін билеттегі уақыттан бір сағат ерте, не кеш келудің қажеті жоқ. Өз сағатыңызды түзесеңіз жеткілікті. Өйткені билетте уақыт айырмашылғы есептелген. 

Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Әлемде
17.08.2026
Литваға 12 жаңа Stadler Flirt пойызы жеткізілді
Жаңалықтар
17.08.2026
Алматы облысында жаңа логистикалық орталық ашылды
Жаңалықтар
15.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Алматы өңірінің темір жол инфрақұрылымының негізгі нысандарын аралады