Мерекелік пойыздар жолға шықты

Суретті түсірген Сара Сахат
Қазақстан теміржолшысы

Елорда вокзалдарынан Наурыз мейрамына орай арнайылап безендірілген бірнеше пойыз жолға шықты, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Атап айтқанда №3/4 «Астана-Алматы», №85/86 «Астана-Шымкент» және №7501/7502 «Астана-Павлодар» бағыттары бойынша этникалық стильде безендірілген пойыздар рейске шықты. Жолаушыларды ұлттық киім киген жолсеріктер қарсы алды.

Мерекелік пойыз керемет салтанатпен жолға аттанды. Жолсеріктер домбыра тартып, ән шырқады. Ұлттық киімдегі теміржолшылар жолаушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлайтын еліміздің ұлттық тағамдары «наурыз көже» мен бауырсақ ұсынды.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ Бас директоры Жәнібек Тайжанов жолаушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлайтын мұндай дәстүр жыл сайын өткізіліп келе жатқанын айтады.

«Елімізде аталып өтетін мерекелермен жолаушыларды құттықтау компанияның дәстүрінің маңызды құрамдас бөлігі. Айта кетейік, «Жолаушылар тасымалы» АҚ компаниясы жыл сайын жолаушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлай отырып, пойыздарды ерекше стильде безендіруді әдетке айналдырған. Биыл Наурыз мейрамына орай қосымша үш пойызды жолға шығардық. Олар Астана-Алматы, Астана-Шымкент және Астана-Ақтөбе рейстері. Оған қоса 18-25 наурыз аралығында пойыздарға қосымша вагондар жалғанатын болады. Олардың саны шамамен 250-дей болады», - деп атап өтті, «Жолаушылар тасымалы» АҚ Бас директоры Жәнібек Тайжанов.

Сонымен қатар ол Наурыз мейрамы кезінде қазақстандықтар еліміздің барлық өңіріне қатынай алатынын жеткізді. Мейрам күндері жолға шығатын қосымша вагондар 17 мыңдай орынды қамтымақ.  

Астана-Алматы пойызының жолсерігі Темірлан Советханов әр мереке сайын жолаушыларды құттықтап, жақсы көңіл-күй сыйлауға тырысатындарын айтады.

«Бұған дейін жолаушыларды Рамазан айының келуімен құттықтадық. Ол кезде ауыз бекіткен жолаушыларға су, құрма ұсындық. 8 наурызда нәзік жанды жолаушыларымызға гүл сыйладық. Енді ұлттық Наурыз мейрамымен құттықтап, бауырсақ, наурыз көже ұсынып, әр жолаушының көңілін аулап жатқан жайымыз бар», - дейді жолсерік.

Этникалық стильдегі пойыздар 2024 жылдың наурыз айының соңына дейін жүреді.

Айта кетейік, бұл мерекелік акция еліміздің барлық өңірлерінде өткізіледі. Компанияның жолсеріктері мен қызметкерлері пойыздардың ішінде және перрондарда барлық жолаушыларды Наурыз мейрамымен құттықтайды!

Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады