Қызылордадан алғаш рет Алакөлге тікелей пойыз қатынайды

Қазақстан теміржолшысы

Теміржол көлігі еліміздің туризм саласын дамытуда шешуші рөль атқарады. Танымал туристік бағыттардың бірі - Алакөл көліне биыл Астана, Алматы, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарынан, сондай-ақ, алғаш рет Қызылордан 12 бағыт бойынша пойыздар қатынайды. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның басқарма төрағасы Жәнібек Тайжанов бүгін өткен брифингте айтты.

Оның айтуынша, жаз мезгілінде туристер ағылатын Алакөлге биыл 10 бағыт бойынша «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздары, екі бағыт бойынша - жеке тасымалдаушылар құрамы жүреді.  

«Пойыздарда ұсынылған орындардың саны өткен жылмен салыстырғанда 16 мыңға өсіп, туристік маусымда жолаушылардың ыңғайлылығын қамтамасыз ету үшін 270 мың орынды құрайды. Ұлттық тасымалдаушы өз пойыздарын ауаны баптау жүйесімен жабдықталған вагондардан қалыптастыратын болады», – деді басқарма төрағасы.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның мынандай бағыттарымен Алакөлге тікелей жетуге болады:

– № 254/253 «Астана-Достық»;

- №207/208, №221/222, №211/212 «Алматы-2-Достық»;

- №457/458 «Семей-Достық»;

- №459/460 «Өскемен-Достық»;

- №21/22, № 6942/6941 «Алматы-Достық»;

- №21/22, №6942/6941 «Қызылорда-Достық».

Жеке тасымалдаушылардың маршруттары:

- №337/338 «Алматы-2-Достық» - «Vagon Service Alliance» ЖШС;

- №122/121, №6942/6941 «Астана-Достық» - «АрайТранс КЗ» ЖШС.  

Алакөл бағытындағы пойыздар туристер арасында танымал Жалаңашкөл, Ақши және Бескөл станцияларында тоқтайды. Онда жолаушылардың жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайлар жасалған: перрондар ұлғайтылды, күту залдары мен кассалар жөнделді. Жолаушыларға ыңғайлы болу үшін станцияларда кассирлердің ауысымдық жұмысы ұйымдастырылды.

2024 жылдың жаз айларында Ұлттық тасымалдаушының пойыздарымен 4,2 млн-нан астам жолаушыны тасымалдау жоспарланып жатыр. Теміржол көлігі еліміздің туризм саласын дамытуда шешуші рөль атқарады. Танымал туристік бағыттардың бірі - Алакөл көліне биыл Астана, Алматы, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарынан, сондай-ақ, алғаш рет Қызылордан 12 бағыт бойынша пойыздар қатынайды. 10 бағыт бойынша «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздары, екі бағыт бойынша - жеке тасымалдаушылар құрамы жүретін болады. Пойыздарда ұсынылған орындардың саны өткен жылмен салыстырғанда 16 мыңға өсіп, туристік маусымда жолаушылардың ыңғайлылығын қамтамасыз ету үшін 270 мың орынды құрайды. Ұлттық тасымалдаушы өз пойыздарын ауаны баптау жүйесімен жабдықталған вагондардан қалыптастыратын болады.

 

Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады