ҚТЖ Алакөлге қатынайтын пойыздарда орын санын арттырады

ҚТЖ басшылығы Алакөл көліне баратын жолаушылар пойыздары мен вокзалдардың туристік маусымға дайындығын тексерді. Осыған орай «Атамекен» ҰКП өкілдерімен, Көлік министрлігімен және салалық қауымдастықтар, туроператорлар және демалыс аймақтарының иелерімен жазғы тасымалдау мәселелері бойынша жиналыстар өткізілді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Үкімет отырысында Премьер-Министр Олжас Бектенов инфрақұрылымдық мәселелерді кешенді дамытуды, қызмет көрсету сапасын түбегейлі арттыруды және демалыс аймақтарына пойыздар санын көбейтуді тапсырды.

Өткен жылмен салыстырғанда, биыл жазда «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздарындағы орындар саны Алакөл көліне дейін 16 мыңға артады. Бұл бағытта Ұлттық тасымалдаушы Астана, Алматы, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарынан 12 маршрут бойынша 270 мыңнан астам жолаушы тасымалдауды жоспарлап отыр. Оның ішінде 10 маршрут бойынша «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздары қатынайтын болады. Сондай-ақ, биыл тұрғындардың өтініші мен сұранысын ескере отырып, алғаш рет Қызылордадан Алакөл көліне пойыз жүреді.

Астана мен Алматы қаласының тұрғындары арасында Алакөл көліне қатынайтын жолаушылар пойыздары үлкен сұранысқа ие. Елордадан жазғы маусымда №53/54 және №254/253 «Астана-Достық» бағытындағы пойыздар қатынайды.

Жаз мезгілінде Алматыдан «Алматы-Достық» бағытында №207/208, №221/222, №211/212, №21/22 және №6942/6941 5 пойыз қатынайтын болады.

Шығыс Қазақстан және Абай облыстарынан жүретін пойыздар Өскемен, Семей, Шар, Аягөз қалалары арқылы өтеді. Жазда бұл бағыттарда №457/458 «Семей-Достық» және №459/460 «Өскемен-Достық» пойыздары қатынайды. Қызылордадан Достыққа тікелей қатынайтын №21/22 және №6942/6941 пойыздары күн сайын шамамен 150-ге жуық жолаушы тасымалдауға мүмкіндік береді.    

Туристік маусымның басында Жаланашкөл, Ақши және Бескөл курорттық станцияларының ғимараттары мен платформалары, жаяу жүргінші жолдары жөндеу жұмыстарынан өтіп, электр жарықтандыру, дауыс зорайтқыштары техникалық жарамдылыққа тексерілді. Сондай-ақ, ғимараттардың іші мен сыртында қосымша орындықтар орнатылды.  

Жолаушыларға ыңғайлы болу үшін станцияларда кассирлердің ауысымдық жұмысы ұйымдастырылды. Сондай-ақ, билеттерді bilet.railways.kz сайттында және «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздарының билет кассаларында комиссиясыз сатып алуға болады.

 

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты