Туристік пойызбен тегін саяхат

Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Биыл 16-20 қараша аралығында Алматы-Түркістан-Ташкент бағытында «Жібек жолы» алғашқы туристік пойыз жолға шыққан болатын. Осы пойызбен «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Экспресс» филиалының 10 қызметкері «Қазкөліккәсіп» ҚБ қолдауымен саяхаттап қайтты.

Кәсіподақ төрайымының айтуынша, бұл сапарға осы филиал құрылғалы бері еңбек етіп келе жатқан, 30 жылдан астам тәжірибесі бар теміржолшылар, жолсеріктер іріктеліп алынған. Құрылған кезде филиалда 180 адам ғана еңбек етсе, қазір 1800-дей қызметкер бар, соның 1750-і – кәсіподақ мүшелері. Сапардан оралған филиал қызметкерлері  саяхаттың жоғары деңгейде өткенін жарыса жеткізді.  

– Алматыдан 16 қарашада аттанған 5 вагоны бар пойыз 17 қарашада Түркістанға жетіп,  Әзірет Сұлтан кешеніне тәу етіп, Керуен Сарайды аралап,  Арыстан баб кесенесі мен ескі Отырар қаласының орнын көріп, кешке дейін қыдырған. Кешкі астан кейін Ташкентке аттанады. Өзбекстан астанасының көрнекі орындарын арнайы автобус және гидпен аралап, екі күн бойы тарихи шаһарда қыдырған. Күніне үш мезгіл тамақ, автобус пен гид және Ташкентте қонақ үй, жалпы бағдар бойынша барлық қызмет билет құнына кіреді. Ал бұл саяхаттың құны 124 мың 108 теңге болған еді. 10 адамның әрқайсысына осы ақшаны кәсіподақ төлеп берді, – дейді «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Экспресс» филиалының кәсіподақ комитетінің төрайымы Эльмира Егембердиева.  

Кәсіподақ өкілінің айтуынша, Жаңа жылдағы демалыста, яғни 2025 жылдың 2-6 қаңтар аралығында туристік пойыз тағы да  жолға шығады. Бұл жолы бағдарға Өзбекстанның Самарқанд қаласы да қосылады екен.  

– Биыл зейнетке шығатындығыма байланысты маған тамаша сыйлық жасап,  «Жібек жолы» туристік пойызымен бес күндік саяхатқа жіберген «Қазкөліккәсіп» қоғамдық бірлестігіне алғысымды білдіремін. Еліміздің тарихи қасиетті жерлерін аралауды нәсіп етті, сапардан кереметтей әсер алдым, – дейді «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Экспресс» филиалы Тальго жүрдек пойызының Астана телімі бойынша жолсерігі Рауза Ғабдуллина.

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті