Енді Астанадан Бурабайға электр пойызбен 2,5 сағатта баруға болады

Қазақстан теміржолшысы

Тәуелсіздік Күні қарсаңында Астана-Бурабай бағытында елімізде құрастырылған жаңа туристік электр пойыз салатанатты түрде жолға шықты, деп хабарлайды Rail-news.kz.  

Бұл электр пойыз жолаушыларды Астанадан Бурабайға аралық аялдамасыз небәрі 2 сағат 26 минутта жеткізеді, яғни елордадан шыққан пойыз жүйіткіген күйі Бурабайға барып бірақ тоқтайды. Туристік пойыз сейсенбі мен сәрсенбіден басқа күндері күн сайын қатынайды.

ҚР президенті елімізде туристік саланы дамыту бойынша күш-жігерді жандандыруды, жаңа маршруттар құрып, инфрақұрылымды жақсартуды тапсырған болатын. Бұл тұрғыда көпшілікке жайлы әрі заманауи көлік туристер тартуда үлкен мәнге ие. Бүгін алғашқы сапарына шығып бара жатқан бұл пойыз осы бағытта атқарылған жұмыстардың нәтижесі.    

Салатанатты шара барысында «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасының трансформация және цифрландыру жөніндегі бірінші орынбасары Әнуар Ахметжанов «Қазақстан темір жолы» компаниясы еліміздегі туризм саласын дамытуға үлкен мән беріп отырғанын атап өтті.

«Биыл біз Алакөл туристік бағытында ондаған пойызды іске қостық. Ондағы вагондардың барлығы салқындатқыш, ауа баптағышпен қамтылған жолаушыға жайлы пойыздар. Сол себепті биыл туристік орындарға баратын жолаушылар тарапынан арыз-шағымдар болмады. Одан бөлек, осы жылдың қараша айында Көлік және туризм  комитеттерінің қолдауымен Алматы-Түркістан-Ташкент бағытында алғашқы туристік пойызды іске қостық. Бұл темір жол мен туристік саланың бірігіп жасаған жобасы. Оның ерекшелігі сол – жолаушылар түнгі уақытта жол жүріп, күндіз көрікті жерлерді тамашалаумен болды. Келесі жылдың 2 қаңтарынан бастап туристік пойыз қайта жолға шығады және қалалар қатарына Самарқант қосылды. Бұл толыққанды бес күндік тур болады. Осыған ұқсас пойыз Өзбекстан тарапынан бізге қарай жүреді. Көрші елдің тұрғындары да еліміздің мәдениетімен, көрікті жерлерімен танысатын болады», - деді Ә.Ахметжанов.  

Алғашқы сапарына шыққан №7515/7516 туристік электрпойызы отандық «ЗИКСТО» зауытында өндірілген. Электрпойыз сапа мен қауіпсіздіктің барлық заманауи стандартына сай келеді. Жолаушылардың жайлылығы үшін пойызда микроклимат жүйесі, жылдам қуаттау үшін USB-розеткалар, ойын-сауық контентіне қолжетімді Wi-Fi желісі және велосипедтерге арналған бекіткіштер орнатылған. Мүмкіндігі шектеулі жолаушылар үшін арнайы көтергіштер мен арбаға арналған орындар қарастырылған.

Туристік пойыздың дизайны Астананың көрікті жерлері мен Бурабайдың әсем табиғатын бейнелейді. Жобаны жүзеге асыруға «ҚТЖ» ҰК» АҚ, Көлік министрлігі, Туризм және спорт министрлігі, Астана мен Ақмола облысы әкімдіктері, сондай-ақ, «Visit Aqmola» мен «Астана даму орталығы» ЖШС бірлесе жұмыс істеген.

Пойыз 6 заманауи вагоннан  тұрады, жалпы сыйымдылығы – 574 жолаушы.

Қазіргі таңда Астанадан Бурабай курорты бағытына бес пойыз қатынайды. Жаңа пойыздың билет құны «Нұрлы Жол» станциясынан – 2770 теңге, «Астана» станциясынан – 2548 теңгеге алуға болады.  

Электр пойызымен алғаш жол жүріп бара жатқан жолаушылардың бірі Щучинск қаласының тұрғыны Гүлмира Өмірова. Ол бұл пойыздың жылдам баратыны ыңғайлы болды дейді.

«Өзім жұмыстарыммен Астанаға жиі қатынаймын. Электр пойыздары таңертең ерте жүріп кетеді. Бұл пойыздың жүру кестесі маған ыңғайлы болып тұр әрі жылдам жүреді. Жыл өткен сайын пойыздардың сапасы жақсарып жатқаны қуантады», - дейді Г. Өмірова.

 

Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады