ҚТЖ пойыздарына 1350 бейнебақылау камерасы орнатылды

«Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушылар қауіпсіздігін арттыру мақсатында 24 Тальго пойызының құрамына бейнебақылау жүйесін орнатуды толықтай аяқтады. Вагондарда орнатылған 1350 камера пойыз ішіндегі жағдайды тәулік бойы үздіксіз бақылауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Бейнебақылау жүйесі пойыздың ең маңызды аймақтарын қамтиды, оның ішінде жолаушылар вагондары, кіреберістер мен шығаберістер, сондай-ақ ортақ пайдаланылатын аумақтар бар. Бұл шаралар оқыс оқиғалар мен құқықбұзушылықтардың алдын алуға, билетсіз жолаушыларды анықтауға және кез келген төтенше жағдайға жедел әрекет етуге көмектеседі.

Бейнебақылау жүйесінен алынған ақпарат тек Ұлттық тасымалдаушының ситуациялық орталығындағы уәкілетті мамандарға ғана қолжетімді. Жоба іске қосылғаннан бері барлық жылжымалы құрам тұрақты бақылауда, ал бейнематериалдар жолаушылардың шағымдарын әділ әрі жан-жақты қарастыру үшін қолданылады.

Қазіргі уақытта Ұлттық тасымалдаушы барлық стандартты вагондарды бейнебақылау жүйесімен жабдықтау бойынша дайындық жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар, жолаушылар пойыздарында интернет желісін іске қосу арқылы нақты уақыт режимінде бейнебақылау жүргізу және бейнеаналитика жүйесін енгізу мәселелері қарастырылуда.

Жақында пилоттық жоба ретінде №3/4 «Астана – Алматы» пойызында интернет желісі іске қосылды. Бұл енгізулер пойыз ішінде болып жатқан оқиғаларды онлайн режимде бақылауға мүмкіндік береді.

Заманауи бейнеаналитика жүйесі пойыз ішіндегі жағдайды тұрақты бақылап қана қоймай, деректерді өңдеу үдерісін автоматтандыруға жол ашады. Сонымен қатар, жасанды интеллект технологиялары бейнеағынды талдап, ықтимал қауіптерді ерте анықтауға және оқыс оқиғалардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты