«Jibek Joly» танымал турға айналды

Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Jibek Joly» теміржол туры іске қосылғаннан бері 540 турист теміржолмен саяхатты таңдаған. Жоба Орталық Азияның көрнекті бренді бола алатын перспективалық туристік өнім ретінде танылып отыр.

Бұл туралы Алматыда өткен жиында туризм саласының өкілдері мәлімдеді. «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Оңтүстік» аймақтық филиалының директоры Руслан Жалғасбай да өткен жылдың қараша айында іске қосылған Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы «Jibek Joly» трансшекаралық теміржол турының танымалдығы артып келе жатқанын растады.    

Оған жергілікті туристер ғана емес, шетелдіктер де қызығушылық танытуда екен. Түркия, Қырғызстан, Украина және Ресей тұрғындары туристік пойызбен саяхаттаған. Спикерлердің айтуынша, бұл жоба аймақтық туризмді дамытуға жаңа мүмкіндіктер ұсынады, мәдени байланыстарды нығайтуға және туристік ағынды арттыруға септігін тигізеді.

Бүгінде туристік пойыздың Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы екі саяхаты сәтті жүзеге асты. Бұл жолы бағдарға Орталық Азиядағы көне қалалардың бірі Тараз қосылды. Үшінші сапар Наурыз мерекесіне жоспарланған. «Алматы – Түркістан – Ташкент – Самарқанд – Тараз – Алматы» бағдары бойынша саяхатқа 300 турист аттанады. Турлар сатылымы тәмамдалуға жақын, бұл саяхатшылар арасында туристік пойызға сұранысты көрсетеді. Халықаралық турдың ұзақтығы бес күнді құрайды. Саяхатшылар ежелгі қалалардың ерекше атмосферасына еніп, Ұлы Жібек жолының ізімен саяхаттайды және екі елдің көрікті жерлерін аралайды.  

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті