Jibek Joly пойызы: Наурыз мерекесіне арналған ерекше теміржол туры

Қазақстан теміржолшысы

Көктемнің жарқын мерекесі – Наурыз мейрамы қарсаңында Jibek Joly бағытындағы үшінші теміржол саяхаты басталады. 20-25 наурыз аралығында туристер әз-Наурызды бірден екі елде – Қазақстан мен Өзбекстанда атап өтпек. Бұл жолғы маршрут кеңейтіліп, Орталық Азияның көне қалаларының бірі – Тараз да тізімге қосылды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Jibek Joly туристік пойызы алғашқы сапарын 2024 жылдың қараша айында жүзеге асырды. Сол уақыттан бері бұл бағытпен екі рет халықаралық теміржол туры ұйымдастырылды. Туризм саласындағы бұл ерекше жоба тек қазақстандықтардың ғана емес, сондай-ақ Түркия, Қырғызстан, Украина, Ресей және басқа елдерден келген саяхатшылардың да қызығушылығын тудыруда.

Наурыз мерекесіне арналған үшінші теміржол туры Алматы, Түркістан, Ташкент, Самарқанд және Тараз қалаларын қамтиды. Бес күндік сапар барысында саяхатшылар көне шаһарлардың тарихи атмосферасына еніп, Ұлы Жібек жолының мәдени мұрасымен, екі елдің бай дәстүрлерімен танысады.

Туристер Наурыз мейрамына орай ұйымдастырылған этноауылдағы түрлі шараларға қатыса алады. Мерекелік бағдарлама ұлттық дәстүрлер мен ерекше сән-салтанатқа толы болмақ:

- Концерттік бағдарламалар;

-Дәстүрлі әдет-ғұрып көрсетілімдері;

-Ұлттық тағамдардан дәм тату.

Саяхатшылар бұл сапар барысында нағыз шығыс қонақжайлығын сезініп, сапалы туристік қызмет түрлерін пайдалана алады:

- Кәсіби гидтің сүйемелдеуі;

- Заманауи вагондарда жайлы орналасу;

- Тамақтану қызметтері;

-Экскурсиялық бағдарламалар.

Наурыз мейрамына арналған бұл сапарға 350-ге жуық турист қатысады деп жоспарланып отыр. Бұл теміржол турының жоғары сұранысқа ие екенін көрсетеді. Жоба ұйымдастырушылары алдағы уақытта да Ұлы Жібек жолы бағыты бойынша жаңа сапарлар ұйымдастыруды көздеуде.

Jibek Joly туристік пойызы тек демалыс қана емес, мәдени мұраны дәріптейтін маңызды бастамаға айналып отыр. Наурыз мерекесінде тарихи қалаларды аралап, қазақ және өзбек халықтарының дәстүрімен танысу – ұмытылмас әсер сыйлайтыны сөзсіз.

 

Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады