«Сиань–Алматы» бағыты бойынша алғашқы туристік пойыз сапарға аттанды

Жолаушылар тасымалы
29.05.2025, 08:51
Оқуға 1 мин

Бүгін Қытайдың Сиань қаласынан «Сиань – Алматы» бағыты бойынша алғашқы халықаралық туристік пойыз жолға шықты. Салтанатты жөнелту рәсіміне «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Әнуар Ахметжанов бастаған қазақстандық делегация, сондай-ақ, Қытай тарапынан мемлекеттік органдардың, жергілікті әкімшілік құрылымдардың, туризм және көлік саласындағы ұйымдардың өкілдері қатысты, деп хабарлайды Rail-news.kz.

«Бұл жоба Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени байланыстарды тереңдетіп, туризм саласындағы серіктестікті дамытуға бағытталған. Сапар барысында қытайлық қонақтар еліміздің тарихи-мәдени мұрасымен жақынырақ танысып, болашақта жаңа бірлескен жобалардың бастамасына негіз қаланады деп сенеміз», – деді Әнуар Ахметжанов.

Пойыз Үрімжі қаласы арқылы өтіп, халықаралық шекаралық Қорғас өткеліне тоқтайды. Бұл жерде пойыздың дөңгелек жұптары ауыстырылады. Одан кейін пойыз Алтынкөл станциясы арқылы Алматы қаласына жетеді.  

Туристік пойыз 9 вагоннан тұрады және жолаушыларға барынша қолайлы жағдай жасау үшін заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген. Туристік топ құрамында бизнес өкілдері, ғалымдар, актерлер мен спортшыларды қоса алғанда 246 адам бар.

Қытайлық туристтер бес күн бойы Қазақстанның оңтүстік астанасының тарихи және мәдени мұрасымен танысып, негізгі көрнекті орындарды аралайды, сондай-ақ, қабылдаушы тарап ұйымдастырған мәдени және іскерлік іс-шараларға қатысады.

Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр