Жолаушылар тасымалы жартыжылдық жұмысын қорытындылады

Жолаушылар тасымалы
29.07.2025, 09:57
Оқуға 3 мин
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Теміржолшылардың төл мерекесі қарсаңында «Жолаушылар тасымалы» АҚ жартыжылдық жұмысын қорытындылады. «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, аталған компанияның басқарма төрағасы Әнуар Ахметжанов ерен еңбегімен еленген қызметкерлерді марапаттады.

Биылғы жылдың алты айында жолаушылар айналымы 5 415 млн ж-км болған. Компанияның қаржылық көрсеткіштері айтарлықтай жақсарған. Ташкент, Бұхара және Самарқанд қалаларына 5 туристік пойыз шығарылса, Қытайдан «Сиань-Алматы» бағдары бойынша бірінші рет халықаралық туристік пойыз іске қосылды. Екі жолаушылар пойызында ғаламторға қолжетімділік бойынша «қанатқақты» жоба жүзеге асырылуда.  

– «Жолаушылар тасымалы» АҚ барлық тараптан, яғни мемлекет тарапынан да, ҚТЖ мен Көлік министрлігі тарапынан да үнемі қолдау көріп келеді. Біз жалпы көлік саласының, соның ішінде ҚТЖ-ның ажырамас бөлігі әрі бет-бейнесі саналамыз. Сондықтан компаниямыздың қызметкерлеріне артылар жүк пен жауапкершілік жоғары. Себебі жолаушылармен тікелей жұмыс істейтіндіктен тұтас ҚТЖ-ға біздің жұмысымыз арқылы баға беріледі. Осы жауапкершілік жолындағы міндеттерді тәжірибелі де өз ісіне берілген қызметкерлеріміз абыроймен атқарып, теміржол саласының дамуына өз үлесін қосып келеді. Бұл жұмыс одан әрі жалғасады, өз ісін жақсы көретін және жақсы білетін әр теміржолшы сапалы қызметпен елдің алғысына бөлене бермек. Баршаңызды алда келе жатқан төл мерекемен құттықтаймын! – деді Әнуар Ахметжанов.  

Жиында компанияның жанжақты жұмысы қорытындыланды. Атап айтқанда, «Тұрақтылық бойынша бағыт: дағдарысқа қарсы бағдарламаның жүзеге асырылуы» тақырыбында баяндамада компанияның сын-қатерлері, жүзеге асырған жұмыстары сөз болды. Компаниядағы тұрақтылық үшін әлеуметтік бағыттағы жұмыстарға да ерекше мән беріліп, персоналды жүйелі оқыту мен ынталандыру жұмыстары қарқынды жүзеге асырылады. Пойыз бригадаларын оқыту да жылдан жылға артып келеді. Былтыр 1628 жолсерік оқытылса, биыл 5497 адам оқудан өтеді.  

Қорытынды жиында сондай-ақ «Клиентке басымдық беру: жолаушылар тасымалындағы жаңа сервистік тәсілдер» тақырыбында баяндама жасалып, онда компания жұмысына шағымдар саны 23 пайыз азайғаны, жолаушыларға дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету 472-ден 523-ке артқаны айтылды. Сонымен қатар компания имиджін көтеретін жобалар, биылғы екінші жартыжылдыққа жоспар жайы сөз болды. Компанияның баспасөз қызметі де өз жұмыстарын көрсетіп, жолаушылар тасымалындағы жаңалықтар жедел түрде күн сайын барлық БАҚ-та таралып, әлеуметтік желілердегі парақшалардың да белсенді жүргізіліп отырғанын жеткізді.  

Бүгінде компанияда 10 мыңға жуық адам еңбек етеді. Компанияның Орталық аппараты мен 6 филиалын қосқанда 10 жылдан астам еңбек етіп келе жатқан 3 787 адам, 20 жылдан астам еңбек өтілі бар 2356 адам, еңбек еткеніне 30 жылдан асқан 1093 қызметкер «Теміржол саласындағы 10, 20, 30 жыл мінсіз қызметі үшін» белгілеріне ұсынылған. Солардың бірқатары бүгінгі жиында аталған төсбелгілерін алып, Алғыс хаттармен марапатталды. Сонымен қатар «Ерен еңбегі үшін» медалімен 7 адам марапатталды.  

Жиында жолаушылар тасымалына қатысты викториналық сұрақ-жауап ойыны өтті.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды