25.09.2026 — Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні

Жолаушы пойызда немесе вокзалда затын ұмытса, қандай әрекет жасау керек?

Жолаушылар өз жеке заттарын пойызда немесе теміржол вокзалында жиі ұмытып кетеді. «Жолаушылар тасымалы» АҚ мұндай жағдайда қалай әрекет ету керектігін және жоғалған заттарды қайдан алуға болатынын еске салады. Егер пойыз жөнелгеннен кейін вагонда заттарыңызды ұмытып кеткеніңізді байқасаңыз, келесі нұсқаулықты орындаңыз:

1) Егер пойыз әлі станцияда тұрса және жөнелтуіне дейін 10–40 минут уақыт қалса, жолаушы ұмыт қалған затын пойыз бригадасының қызметкерлерінен ала алады.

2) Егер пойыз жүріп кеткен болса, жолаушы ресми @jolaushylar_tasymaly Instagram-аккаунтына немесе WhatsApp нөміріне +7 776 714 5686 арқылы жүгініп, жедел жауап ала алады.

3) Жолаушы сондай-ақ, вокзал кезекшісіне барып, вагон нөмірін, орнын және ұмыт қалған заттардың сипаттамасын көрсетіп, вокзал бастығының атына өтініш қалдыра алады. Қажет болған жағдайда, заттарды өзіне жіберу туралы өтініш жаза алады.

4) Егер жолсерік ұмыт қалған заттарды тапса, олар пойыз бастығына беріліп, қалыптастыру пунктіне жөнелтіледі. Заттар вокзалда сақталып, иесіне жеке куәлігін тексергеннен кейін беріледі.

Пойыздарға орнатылған бейнекамералар ұмытылған заттардың санын 92%-ға дейін төмендетті. «Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушыларға жеке заттарын мұқият бақылауға және қажет болған жағдайда белгіленген нұсқаулыққа сәйкес көмек сұрауға кеңес береді. Қажетті ақпаратты тегін «1433» нөмірі арқылы алуға болады.

 

Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті
Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Жаңалықтар
23.09.2026
Қазақстан вокзалдары жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде