Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы

Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Жолаушылар тасымалы» АҚ «Солтүстік» аймақтық филиалының еңбек ұжымы биыл теміржолшылардың кәсіби мерекесі қарсаңында «Үздік теміржол ұжымы» аталымы бойынша жеңімпаздар қатарынан табылды.

2025 жылдың жұмыс қорытындысы бойынша үздік теміржол ұжымын анықтау үшін «Жолаушылар тасымалы» АҚ байқау өткізіп, оған Қоғамның «Солтүстік», «Оңтүстік» және «Батыс» аймақтық филиалдарымен қатар «Экспресс», «Қала маңы тасымалы» филиалдары қатысты. Қоғам тарапынан құрылған комиссия филиалдардың мақсат-міндеттерімен байланысты барлық критерийлер бойынша олардың жұмыстарына рейтінгілік бағалау жүргізді. Бағалау барысында әлеуметтік және тұрмыстық жағдайларды жақсартуға бағытталған жұмыстарға, құқықтық істің қозғалуына, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтары үшін қызметкерлерді жұмыстан босатуға және Қоғамның бөлімшелеріндегі қызметкерлердің шағымдарына ерекше назар аударылды.  

2026 жылдың қаңтарынан бастап Компанияның бөлімшелері мен өндірістік орындарында қызметкерлердің денсаулық пен әл-ауқат жағдайын бағалау мақсатында тексеру жүргізілді. Бағалау аясында бұрын анықталған бұзушылықтарды жою, қызметкерлердің санитарлық және тұрмыстық жағдайларын жақсарту бойынша жүргізілген жұмыстар мен ғимараттарға, жасанды құрылыстарға жасалған жөндеулерге визуалды тексеру жүргізілді.  

Осылайша, рейтингілік бағалау нәтижесі бойынша «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның үш үздік еңбек ұжымы анықталды. 90 балдық нәтижемен «Солтүстік» аймақтық филиалы бірінші орын мінберіне көтерілсе, 87 және 86 балдық нәтижелермен «Қала маңы тасымалы» және «Экспресс» филиалдары екінші және үшінші орындарды өзара бөлісті.  

«Солтүстік» аймақтық филиалына қарасты үш учаске бар. Олар – Астана, Қарағанды және Павлодар учаскелері. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Ұлытау – барлығы алты облыс вокзалдарында билет кассалары қызмет жасайды. Сонымен қатар филиал құрамында 55 пойыз бригадасы жұмыс істейді. Екі халықаралық бағытта қызмет көрсетеді: Қарағанды – Мәскеу және Астана – Омбы бағыттары. Ал республика бойынша 14 бағытта жолаушылар тасымалына қызмет көрсетеді. Міне, ауқымы өте кең осы филиалдың директоры Замира Есмұратова ұжымның әрбір мүшесін моральдық және материалдық тұрғыда ынталандырған жетістік сыры – адал еңбек деп санайды.  

– Біздің басты мақсатымыз – бізге сеніп тапсырылған қызметті жауапкершілікпен атқарып, сенім үдесінен шыға білу. Ол үшін еңбек және техникалық қауіпсіздік талаптарын орындап, жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттырып, өз жұмысымызды адал атқару. Үздік атанып отырсақ, барлық талапқа сай болғанымыз деп ойлаймын. Мұнда біздің үлкен тату ұжымның әрбір мүшесінің үлесі бар, – деді филиал директоры.  

Жалпы, жолаушыларға қызмет көрсету – үлкен жауапкершілікті талап ететін жұмыс. Жасыратыны жоқ, халықпен жұмыс істеу қиын да мазасыз жұмыс, күнделікті жүздеген жолаушыға лайықты қызмет көрсету оңай емес. Сондықтан филиалда жолаушы халыққа тікелей қызмет көрсететін билет кассирлері мен жолсеріктерге талап жоғары. Әсіресе жолсеріктерді арнайы оқытып, кез келген жағдайда кәсіби шеберлік таныту, сабырлы болу, қызметтік қарым-қатынас деңгейін сақтау, тағысын тағы этикалық нормаларға бейімдейді. Кейде пойыз жолда техникалық себептермен тоқтап қалуы, электр жарығы өшуі немесе вагондағы кондиционер, салқындату жүйесі істен шығуы мүмкін. Әсіресе жаз айларында мұндай жағдайлар жолаушыларға қолайсыздық туғызады. Осындай сәттерде қызметкерлеріміз мәселені уақытылы шешіп, жолаушылардың жағдайын жасауға тырысады.  

Филиалда жұмысшы-қызметкерлер мүддесін қорғауды бірінші орынға шығарған кәсіподақ ұйымы бар. Оның төрағасы Сейтқасым Оспанов осы еңбек ұжымында талай жыл өндірісте жұмыс істеген. Сондықтан жұмысшылардың еңбек жағдайымен жақсы таныс.  

– «Солтүстік» аймақтық филиалында 1573 адам еңбек ететін болса, соның барлығы кәсіподақ мүшесі. Филиал басшылығы кәсіподақ жұмысына кедергі келтірмей, керісінше тең серіктес ретінде құрметпен қарауы нәтижесінде ұжымда жағымды ахуал қалыптасқан. Біздің кәсіподақ ұйымы – жұмысшылар, жолсеріктер, билет кассирлері, басқа да сервистік қызмет көрсететін мамандардың әлеуметтік ахуалын назарда ұстап, қолдау көрсетіп, материалдық көмек беріп, емдеу-сауықтыру орындарына жолдама бөліп, қуаныш-қызығы мен қайғысын бөлісу арқылы ұжымның сеніміне ие болып отыр, – деп өз пікірін білдірді кәсіподақ ұйымының төрағасы.  

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты