Күз - астық тиеу науқаны

Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Жалпы ұзындығы 119,7 шақырымды құрайтын Семей – Локоть телімінің бойында орналасқан бірқатар станциялар бойынша астық тиеу науқаны қызып тұр. Күзгі жиын-терім басталғалы бері ондағы станция қызметкерлері вагондарды жинап, тиелген астықтарды Семейдегі қамбаға жөнелту бойынша қарқынды жұмысқа көшкен.

Мәселен, жүзге тарта теміржолшы еңбек ететін, жүк тасымалы бойынша қозғалыс барысы аса жоғары, ғасырдан астам тарихы бар Ауыл станциясы толық күшінде жұмыс істеуде. Тамыз айынан бастап жергілікті диқандар тарапынан жүк жөнелтуге байланысты өтінімдер көп түскен. Сол себептен де, жабық контейнерлермен тасымалданатын сусымалы өнімдерді уақыт оздырмай дер кезінде діттеген жерге жеткізу міндеті күн тақырыбында тұр. Сондықтан да, станцияның тауар кассасы мен пойыз құрастырушылардың еңбегі аса қауырт.

Телім бойындағы Ауыл, Белағаш станцияларына жолы түйісетін аудандардың барлығы дерлік аграрлық өңірлерге жатады. Сол себепті де мұнда тиелетін жүкті – астық, бұршақ тұқымдас дақылдар мен күнбағыс, қарақұмық сынды сақтау мен жеткізудің өзіндік тәртібі бар сұранысы аса жоғары тауарлар құрайды.

Бүгінде станция қызметкерлері жоспарлы межеден ауытқымай үлгеріммен еңбек етуде. Осы ретте көрсеткіш көлемі де еселеп өскен. Атап айтсақ, биылғы жылы алдын ала берілетін өтініштер саны күрт артып отыр.Соңғы кезеңдегі көрсеткіш бойынша бір мезетте 15 вагонды жолға шығаруға мүмкіндік бар екендігі дәлелденді. Қазіргі күні бір жөнелтілім бойынша 10 вагонға тапсырыс беріледі екен. Қазіргі күні жазда егілген қара бидай мен күнбағысқа орақ түскендіктен қазан айындағы жұмыс мейлінше қарқынды.

Станция басшысы, ұзақ жыл еңбек өтілі бар тәжірибелі теміржолшы Қарлығаш Райымханованың айтуынша, бүгінгі таңда басты әріптес «Шығыс-Астық» ЖШС кірме жолында қарбалас жоғары. Қырман төрінен астық қоймаларына, одан станция басына жеткізілетін ас атасы бидай белгіленген жерге қатаң күзетпен жөнелтіледі. Бүгінгідей жауын-шашынсыз мерзім диқандарға да, теміржолшыларға да барынша қолайлы болып тұр.

– Станциямыз бойынша жүк тиеу мен жеткізуде кедергі жоқ. Жабық вагондар жеткілікті. Ағымдағы жылы миллион тоннадан жоғары көлемде астық жинаймыз деген облыс диқандары сөзінде тұрды, – дейді Қарлығаш Мазанқызы.

Дәл осындай жай Белағаш станциясында да орын алуда. Жекелеген клиенттер күнбағыс тиеуге жиі өтінім береді. Сонымен қатар, станция бастығы Ерғанат Төлебаевтың айтуынша, осыдан біраз бұрын Моңғолия республикасына осы өңірде өндірілген рапс дақылын бірнеше вагонға тиеп жөнелтіпті.

Маңыздысы сол, іс барысын жеделдетуде «Келісімді және коммерциялық жұмыс» автоматтандырылған басқару жүйесінің тиімділігі мол болып тұр. Яғни, жүкті жеткізу бойынша клиенттермен жүргізілетін құжаттар легі толыққанды электронды түрге көшірілген. Іскерлік байланыс осылайша артып келеді. Бұл ретте әрине бөлімшедегі логистика және тасымалдарды ұйымдастыру бөлімінің жетекші инженерлерімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жүргізілуде. 

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті