Аягөз станциясы: жүк түсіру артуда

Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей ЖТ бөлімшесіне қарасты Аягөз станциясының теміржолшылары биылғы жылдың жоспарлы шараларын толық орындап, толағай табыспен қорытындыламақ. Қозғалыс және еңбек қауіпсіздігін сақтаудағы жетістік өз алдына, тасымал көлемі, вагондар айналымы, жүк тиеутүсіру де жылдағы есепті мерзімнен анағұрлым жоғары болып отыр.

Аягөз станциясының басшысы, логистика саласы бойынша елеулі еңбек өтілі бар білікті басшы Еркін Тойкеновтің айтуынша, бірінші кезекте ұлттық компания басшылығы алға қойған басымдықтарға баса назар аударылады. Атап айтсақ, өндірістегі үнемділік, эксплуатациялық жұмыстар, жүк тасымалын арттыру және жеделдету сынды мәселелер айрықша назарда. Оның ішінде әсіресе жүк тиеу мен түсіру ісінде жетістік мол.

Биылғы 9 айдың басты ерекшелігі, тапсырыс беруші клиенттер санының артуына байланысты жылдағы үрдіске қарағанда жүк түсіру жұмыстары анағұрлым артып отыр. Мәселен, өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда 2553 вагоннан тұратын жүк түсірілсе, биыл оның көлемі іс жүзінде 117,1 пайызға артып, 2992 вагонға дейін жоғарылап отыр. Осы ретте құрылыс материалдарын өндіретін «Алина Холдинг» сынды басты клиенттің үлесі жоғары. Атал мыш алпауыт мекеменің бір өзі жаз мезгілінде ең кемі айына 150 вагонға дейін тапсырыс беріпті. Сол тәрізді «Шығыс-Даму», «Сәтпаев» ЖК сынды мекемелердің тұйық желілеріне көмір тасымалдануда.

Сонымен қатар, жылдағы көрсеткіштермен салыстырғанда металл сынықтары мен тыңайтқыштар, құрылыс материалдарын, жергілікті өнеркәсіп өнімдерін тиеутүсіру ісі де жоғарылап келеді. Нәтижесінде 9 ай ішінде жүк тиеу фактісі нақты жоспар бойынша 210,4 пайызға дейін артып отыр.

– Мезгіл қара күз болғанымен де жүк түсіру айтарлықтай жоғары. Тораптық станция болғандықтан жұмысымыз әрдайым қауырт. Жергілікті «Аягөз-Көмір» мекемесіне Қаражырадан қатты отын жеткізіп жатырмыз. Бұдан өзге бірқатар кірме жолдарға көмір тасымалдаймыз, – дейді Аягөз станциясының бастығы Еркін Шаубанұлы.

Бір ерекшелігі, биылғы жылы Аягөз қаласында көмірге деген сұраныс артып отыр екен. Оған себеп, іргелес аудандарға да көмір тасымалының көлемі өскен. Қазіргі күні Аягөз шаһарын абаттандыру жұмыстарына байланысты мазут пен битум тәрізді құрылыс материалдарына тапсырыстар да жоғарылап отыр. Сол тәрізді «Аягөз-Астық» мекемесі еліміздің батыс облыстары мен Өзбекстан мемлекетіне дәнді дақылдар тасымалын арттырған.

Станция бойынша экономикалық тиімділікті еселеуде де бірқатар батыл қадамдар жасалыпты. Осы орайда дұрыс жоспарлаудың нәтижесі болар, қазіргі нарықтық ахуал теміржолшылар жағында. Бір ғана мысал, экономикалық тиімділіктің еселенуіне жаңадан ашылған ірі өндіріс ошақтарын теміржол қызметін пайдалануға тарту және жүк тасымалдауды автокөліктен шойынжолға көшіру шаралары оң ықпалын тигізген. Бұл ретте іргелі кәсіпорындармен, атқарушы билікпен бірлесе жұмыс жүргізілуде. Айта кетерлігі сол, іскерлік әріптестік аясында жаңа көкжиектер әлі де ашылуда.

Жалпы, Орта Азия мен Ресейдің Сібір бөлігін жалғайтындықтан әрі Қытайдың Отанымызбен алысберісі мол Шыңжаң өлкесімен халықаралық автокөлік қатынасы түйісетін Аягөз шаһарының логистикалық маңыздылығы күн өткен сайын арта түсуде. Бұл әлбетте өз кезегінде теміржол саласына экономикалық тұрғыдан оң ықпалын тигізіп жатыр. Қазіргі күні бөлімше басшысы Марлен Көкрекбаевтың тапсырмасымен станциядағы техникалық процестер бойынша бірқатар жаңашылдықтар да орын алуда. Атап айтсақ, вагон жөндеу депосының тепловоздарын станция басына шығарып, маневрлік жұмыстар барысында қосымша пайдалану көзделуде.

Сонымен қатар, станциядағы жұмыстар бойынша бірқатар тың шаралар атқарылған. Мәселен, локомотив бригадасы мен пойыз құрастырушылары қызметіне инструкциялық өзгерістер енгізілген. Аталмыш қызметке қабылданушылар тек емтихан тапсырғаннан кейін ғана станция басшысының рұқсатын ала алады. Бүгінде Аягөз станциясы бірінші класқа жатады. Қазіргі күні штаттық кесте бойынша 54 теміржолшы еңбек етуде. Маусымдық жағдайда тәулігіне 20 шақты жұп жүк пойызы, онға таяу жолаушы пойызы өтетін тораптық станциядағы жұмыстар қыс қарсаңында да қауырт.

Ал осынау іркіліссіз жүріп жатқан үдерісте негізінен жастар еңбек етеді екен. Яғни, станциядағы теміржолшылардың 80 пайызын жаңа буын өкілдері құрайды. Демек, осынау жетістіктердің барлығында да жаңашылдықтың, жаңа толқынның лебі сезілетіні сондықтан болса керек. 

Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?