Жоспардан тыс жүк жөнелтілді

Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Өткен аптаның үш күнінде Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесінде қызу жұмыс жүрді. Бұл күндері «KTZ Express» АҚ Батыс филиалының басшылығымен Алматыға жоспардан тыс жүк жөнелтіліп, жергілікті теміржолшылар төтенше жағдайға орай ерекше тапсырманы абыроймен атқарып шықты.

Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесінің Опорная станциясынан Алматыда коронавирусқа шалдыққан науқастарды емдеуге арналып жедел салынып жатқан аурухана құрылысына қажетті материалдар жүктелді. Ол - ішінде барлық қажетті құрылғылары бар, адамдар тұруға арналған контейнер-үйшіктер. Жүктерді түсіру-тиеу жұмыстарына жергілікті теміржолшылармен қатар ауыр техникалар да тартылды. Осы жұмыстарға «KTZ Express» АҚ Батыс филиалы директорының операциялық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары Сүндетов Мәди Тұрлыбайұлы жетекшілік етті. Опорная станциясынан тиелген жүк үш лек пен кетті. Бірінші күні станциядан сағат таңғы 8:00 уақытында 33 вагон тиеліп жөнелтілсе, 8 сәуір күні кешкі 23:05 сағатта тағы 56 вагон жіберілді. Үшінші күні запас бөлшектер, генератор сияқты қажетті құрал-жабдықтар тиелген тағы 4 вагон жөнелтілді. Жүктердің алғашқы легі бұл уақытта көзделген жеріне, Алматы іргесіндегі Боралдай станциясына жетіп те үлгерген еді. − Біз, теміржолшылар, бүгінгідей елде төтенше жағдай жарияланып, коронавирус індетімен күрес, халық денсаулығы үшін атқарылып жатқан игі істерге өз үлесімізді қосқанымызға қуаныштымыз. Әрине, бір мезетте осынша жүкті жіберу – өте ауқымды жұмыс. Оны ұйымдастыру үшін тиісті қажеттіліктерді қабылдап, жоспарлап, міндеттелген шұғыл тапсырманы дер кезінде ойдағыдай орындап шығу – теміржолшыларға үлкен сын болғаны анық.   

Соған қарамастан ұйымдастыру жұмыстарының басы-қасында жүрген «KTZ Express» АҚ өкілінен бастап, станция басшылығы, жергілікті теміржолшылар қауіпсіздік шараларын қатаң сақтап, өз жұмыстарын үлкен абыроймен, белгіленген уақыт ішінде атқарып шықты. Осы жауапты іске атсалысқан түбектік теміржолшылардың еңбегін жоғары бағалаймын, – дейді бұл туралы Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесі директорының бірінші орынбасары Ерлан Бүркітов. Еске сала кетейік, Опорная станциясы – төртінші класты станция. Онда үш күнде жіберілген вагондар саны жыл басынан бері үш айда жөнелтілген жүктен бірнеше есеге асып түсті. Аталған станциядан бірінші тоқсанда 22 вагон тиелген. 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті