Жағдай толық бақылауда

Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Елімізде коронавирус індетіне байланысты төтенше жағдай жарияланса да Түлкібас станциясы күнделікті жұмысын кестеге сай жалғастыруда. Айта кетейік, Түркістан облысында карантин жарияланған жоқ, тек індет шыққан елді мекендер мен аудандар ғана қатаң қоршауға алынып, шектеулер енгізілді.

 Бір қуанарлығы, Түлкібас бұл індеттен аман. Дегенмен, «сақтықта қорлық жоқ» деген қағиданы ұстанған станция басшысы Нематилла Тойчибаев санитарлықэпидемиялық дезинфекция жұмыстарына аса қатты мән беріп, ара қашықтықты сақтау, бетперде тағып қолғап кию, қол беріп амандаспау сынды шектеулерді енгізіп отыр.

Табиғаты көркем тау шатқалында орналасқан Түлкібас ауданындағы станцияда 12 жол бар. Ұжымда түрлі ұлт өкілдерінен құралған 44 теміржолшы еңбек етеді. Станциядан тиелетін негізгі жүк түрлері ұн мен бидай, әктастар. Себебі, ауданда ұн мен әк шығаратын екі зауыт жұмыс істейді.

Биыл Түлкібас станциясынан бірінші тоқсанда тиелген жүк түрлеріне тоқтала кетсек, жылжымалы құраммен 93 вагон ұн, 100 вагон әктас, жалпы екеуін қосқанда 193 вагон, 12362 мың тонна жүк тиелген. Сол бірінші тоқсанда 13 вагон бидай, 51 жабық вагонмен кебек, 2 вагон пиломатериалдар, 6 вагон құбыр, 17 жабық вагонмен полиэтилен түйіршіктері түсірілген. Қысқасы, 89 вагон жүк түсіріліп, салмағы 4960 тоннаны құраған.

Бүгінгі төтенше жағдай барысында станцияда қауіпсіздік шаралары толық сақталған, теміржолшылардың барлығы да қажетті киім-кешекпен, бетпердемен, сүт өнімдерімен қамтамасыз етілген. Жыл басынан бері теміржол бойында ешқандай да мал қағу, адам басу фактілері мен апатты жағдайлар орын алмаған. Жұмысшылардың барлығы маска тағып, антисептик заттарын тұрақты қолдануын станция бастығы жеке бақылауында ұстап отыр. 

Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты