Биыл "көмір безгегі" болмайды

Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей ЖТ бөлімшесі бойынша жүк тиеу және тасымалдау ісінде қатты отынның үлесі басым. Сол себептен, өңірдегі көмір тасымалдау мәселесі қозғалғанда теміржолшылар қызметі, соның ішінде Дегелең станциясындағы техникалық процесс сөз болады. Бұл ретте биылғы жылы дегелеңдіктер көмір тасымалына жоспарлы түрде ерте кірісті.

Семей теміржолы бойынша учаскелік станция саналатын 2-ші класты Дегелең станциясында қарбалас күн сайын артып келеді.

Алдыңғы жылдан бері ұлттық компания басшылығының шешімімен көмір тасымалын жазғы маусымға ауыстыру мұнда біршама күрделілік тудырғанмен тиімділігі аса жоғары екендігін дәлелдеді.

Дегелеңдегі 4 кірме жол мен 6 қабылдап-жөнелту жолдары жүк айналымын жоспарға сай жүзеге асыруда іркіліс тудырмау үшін қолайлы.

Әйтсе де, қара суық түсісімен ел көлемінде орын алатын «көмір безгегі» дегелеңдік теміржолшыларды өндіріске біршама өзгерістер енгізуге мәжбүр етті. Міне, соның нәтижесінде болар, биылдан бастап, көрсеткіштер де күрт қарқын алды.

– Негізінде жаз мезгілі – көмір тасымалының саябырлайтын уақыты. Әйтсе де, шілде айы бойынша тұрақты түрде тәулігіне ең кемі 280 вагонға көмір тиеп жөнелтіп отырмыз. Соның нәтижесінде, Шығыс өңіріндегі көптеген жылу орталықтарын қатты отынмен қазіргі күннің өзінде қамтамасыз еттік. Сонымен қатар, Ресей мен Қырғызстанға да көмір жөнелтілуде. Алдағы айларда бұл елдердің тізімі артады. Себебі тамыз айынан бастап тапсырысқа қарай тиелетін көмір көлемін біртіндеп арттырып, тәулігіне 320 вагонға жеткіземіз. Ал, күзгі мезгілде күніне 420-490 вагонға жүк артуға шамамыз жетеді. Биылғы жылы «Қаражыра» АҚ жаңа техникалар алу арқылы өндіріс көлемін біршама ұлғайтып отыр. Сондықтан, көмір тасымалында кідіріс болмауы тиіс, – дейді Дегелең станциясы бастығының міндетін атқарушы Қайрат Ибраев.

Өткен жылы тәулігіне 490 вагон көмір тиелген кездер болғанды. Биылғы көрсеткішті бұдан да жоғарылатып, 8 млн тоннаға арттыруды жоспарлап отыр. Жоспар бойынша жыл сайын тиелетін көмір санын бір миллионға арттырып, алдағы екі жылда 10 млн тоннаға жеткізу көзделуде екен.

Қазіргі күні Дегелең станциясында құрастырылған, көмір тиелген төрт пойыз тұрақты түрде жолға шығарылады. Бұдан өзге ЖаңаСемей – Павлодар аралығында транзиттік 5 жұп пойыз өтеді. Яғни, пойыз айналымы бойынша тәуліктік жүктеме аса ауыр емес. Әйтсе де, көмір тиелетін жылжымалы құрамдардың барлығы ауыр салмақты болғандықтан пойыз құрастыру ісінде біршама күрделілік бар.

Қазіргі күні салмағы 6 200 тонналық 63 вагоннан тұратын жылжымалы құрамдар жолға шығарылуда. Күз түсе вагон жетіспеушілігі орын алған жағдайда жоспардан кешікпеу мақсатында бұл көрсеткіш әлі де ұлғайтылуы мүмкін. Оған Дегелең – ЖаңаСемей теліміндегі жолдың сапасы мүмкіндік береді.

– Көмір тиеу бойынша негізінен еліміздің оңтүстігіне жөнелтілетін пойыздардың үлесі көп. Кейінгі кезекте Защита станциясы тұр. Әуелгі кезекте жылу беру нысандары мен тұрғылықты халық үшін әлеуметтік көмір жөнелтіледі, – дейді Қайрат Ибраев.

Өндіріс бойынша станция басындағы маневрлік жұмыстардың барлығы жеделдетілген түрде жүзеге асырылады. Дегелеңдіктер қос бағытқа қызмет көрсететіндіктен вагондарды номерлеріне сәйкес желінің қос тарапына бөліп, Семей мен Павлодар бағытына пойыздар әзірленеді.

Бұл ретте станция кезекшілеріне жүктелер жауапкершілік зор. Бүгінде станциядағы жұмыстар барысында айтарлықтай проблема жоқ. Вагон жеткілікті. Дегелеңдіктер көмір тиеуде жоспарға үлгеріп жұмыс жүргізуде. Станцияның жүк цехындағы коммерциялық қатынастар барысы да қадағалауда.

Семей ЖТ бөлімшесі бойынша жүк тасымалының 50 пайызынан астамын еншілейтін Дегелең станциясы көмір тиеу бойынша биылғы жылды да жетістіктермен қорытындыламақ.

Семей ЖТ бөлімшесі басшысы Сиязбек Әлішевтің қадағалауымен тұтынушыларды көмірмен тұрақты қамтамасыз етуде вагон тапшылығын болдырмау, вагондардың кіреберіс жолдарда тұрып қалуына жол бермеу, сондай-ақ, көршілес мемлекеттерден келген вагондардың станция басында кептеліс тудырмай дер кезінде қайтарылуын қамтамасыз ету мәселелері күн тәртібіне қойылып отыр. Биыл жылдағыдай қарбалас, «көмір безгегі» болмайды деп сендірді дегелеңдік теміржолшылар. 

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті