Тұйық желілер түгел қамтылды

Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Бүгінде ел шығысында жылу беру маусымы жылдағыдан ертерек басталып кеткендіктен Семей ЖТ бөлімшесінің теміржолшылары көмір тиеу мен жеткізу жұмыстарын жоспар аясында қарқынмен жүргізуге көшті. 

Бөлімшенің басты әріптесі Қаражыра көмір кенішінен көмір тиелген вагондар саны қазіргі таңда тапсырысқа сай 420-ға жеткізілді. Сонымен қатар, жылжымалы құрамдарды уақытында жеткізу, вагон айналымындағы кедергілерді болдырмау мақсатында кешенді жұмыстар жүргізілді.

Қазіргі күні аймақтағы барлық тұйық желілер 100% көмірмен қамтамасыз етілген. Әсіресе, жылу беру нысандарын қатты отынмен қамтуға ерекше көңіл бөлінуде. 

Облыстағы ЖЭЦ пен жылу көздерінде 290 мың тонна көмір түсіріліпті. Бұл 140% қор бар деген сөз. Жеткізу келісімшартқа сәйкес жүргізілуде. 

– Тұрғындардың жылыту маусымындағы жалпы қажеттілігі 1123,6 мың тоннаны құрайды. Ал, қазіргі таңда 1101,7 мың тонна көмір немесе 98% жеткізілді. Соның нәтижесінде қазіргі күні барлық тұйық желілерде қарбалас, кезекке тұру көріністері орын алған жоқ, – дейді бұл ретте Семей ЖТ бөлімшесінің логистика және жүк тасымалын ұйымдастыру бөлімінің мамандары. 

Ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты облыстағы барлық әлеуметтік нысандар мен білім беру ошақтарына жылу берілген. Бұл тұтыну көлемін жылдағыдан да арттыратыны белгілі. Әйтсе де, тасымал қарқынының толастамауына байланысты тосын жайттар орын алған жоқ. Семей теміржолы бойынша учаскелік станция саналатын 2-ші класты Дегелең станциясында да үдеріс барысы кедергісіз жүргізілуде. 

– Жаз мезгілінің өзінде тәулігіне ең кемі 280 вагонға көмір тиеп жөнелтіп отырдық. Соның нәтижесінде, Шығыс өңіріндегі көптеген жылу орталықтарын қатты отынмен мезгілінен бұрын қамтамасыз еттік. Сонымен қатар, Ресей мен Қырғызстанға да көмір жөнелтілуде. Өткен айдан бастап тапсырысқа қарай тиелетін көмір көлемін біртіндеп арттырып келеміз. Сұраныс арта қалса, 490 вагонға жүк артуға мүмкіндігіміз бар. Себебі, көмір тасымалында кідіріс болмауы, жүкті жеткізуші теміржолшыларға сөз келмеуі тиіс, – дейді пікір білдірген Дегелең станциясы бастығының орынбасары Қайрат Ибраев. 

Семей ЖТ бөлімшесі басшысы Сиязбек Әлішевтің қатаң назарға алуымен көмір тиеу мен жеткізуде бұрынғы жылдардағыдай вагон тапшылығын болдырмау мәселесі күн тәртібінде өткір тұр.

ҚТЖ келбеті
01.05.2026
Сыйластықпен өрілген өмір
ҚТЖ келбеті
01.05.2026
Станция кезекшісі
Аймақтар
01.05.2026
Көктемгі байқау – жазға дайындық
Аймақтар
01.05.2026
Сауатты әрекет етті
ҚТЖ келбеті
01.05.2026
«Үздік маман» атану оңай емес
Қауіпсіздік
01.05.2026
Еңбекті қорғау күні атап өтілді
Қауіпсіздік
01.05.2026
Қауіпті аймақтың қатаң талаптары
Жаңалықтар
01.05.2026
«Кедентранссервис» АҚ мамандары ISO халықаралық стандарттары бойынша біліктілігін арттырды
Аймақтар
01.05.2026
Адам өмірі бәрінен қымбат
Аймақтар
01.05.2026
Білім сайысында бақ сынасты
Спорт
01.05.2026
«Толағай» – отбасылық сайыс
Қауіпсіздік
01.05.2026
Тілсіз жауға тосқауыл
Жолаушылар тасымалы
01.05.2026
Пойыздағы 25 күн: Қазақстанның барлық өңірін аралаған саяхатшы
Жаңалықтар / Мұрағат
01.05.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №34-35 01 мамыр 2026 жыл
Әлемде
30.04.2026
Siemens Mobility Румыния үшін сутегімен жүретін пойыз жасайды
Аймақтар / Қауіпсіздік
30.04.2026
Практикалық семинар: «Менің идеалды жұмыс ортам»
Аймақтар
30.04.2026
Қауіпсіздік – қанмен жазылған қағида
Аймақтар
30.04.2026
Атырау дистанциясында еңбекті қорғауға арналған семинар өтті
Жолаушылар тасымалы
30.04.2026
ҚТЖ теміржол көлігімен жолда жүру ережелерін еске салды
Қауіпсіздік
29.04.2026
Еңбекті қорғауда ешқандай қысымға жол жоқ
MyQaz.kz