Билет құны қымбаттамайды

Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Алакөлге баратын туристердің діттеген жеріне кедергісіз жетулері үшін «Жалаңашкөл» станциясына дейін қатынайтын теміржол вагондарының саны көбейтілетінін осыған дейін айтқан болатынбыз. Алайда Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесе отырып, қосымша пойыздар шығару туралы өтініші де оң шешілді. Ендігі аралықта Алакөлге Нұр-Сұлтан, Алматы, Өскемен және Семей қалаларынан төрт бағыт бойынша пойыздар қатынайды. Бұған дейін Алматы қаласынан тұрақты түрде жұп күндері 352 орындық 8 вагон қатынап келген болатын. Ал биыл 18 маусымнан бастап «Алматы-Достық» бағытында аптасына үш рет жүретін, 560 орындық 10 вагондық жаңа тағы бір пойыз іске қосылады. Осы күннен бастап «Тұран экспресс» жеке тасымалдаушысы аталған бағыт бойынша 11 вагоны бар 504 орындық тағы бір пойызды жолға шығарады. Сөйтіп, Алакөлге қатынайтын вагондардың жалпы саны 29-ға жететін болды. Сонымен қатар, Семей және Өскемен-1 станцияларынан жазғы кезеңде облыстық бюджеттен субсидияланатын екі пойыз, тиісінше 416 және 364 орындық 8 және 7 вагон жұмыс істейді. Бұған дейін мұнда 260 орындық бес вагон болған еді. «Қала маңы тасымалдары» АҚ-мен жүргізілген келіссөздерден кейін вагон санын 15-ке дейін арттыру туралы келісімге қол жеткізілді. Жолаушылар билетінің құны былтырғы деңгейінде 3780 теңге көлемінде қалатын болды. Сонымен, Нұр-Сұлтан, Алматы, Өскемен және Семей қалаларынан қатынайтын вагондардың жалпы саны 68 болады. Сондай-ақ биыл автобустар саны да екі есеге дейін артып, облыстың екі қаласынан күн сайын 768 орындық 16 автобус қатынайды.

Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды