Шар станциясында қауіпсіздік шаралары пысықталды

Қауіпсіздік
05.02.2024, 13:00
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей ЖТ бөлімшесі бойынша әсіресе қозғалыс саласындағы қауіпсіздік шаралары күн тақырыбына шығып отыр. Басты себеп, жүк айналымының біршама артып, тораптық станциялардағы қозғалыс жиілігінің артуы. Соның аясында бақылау-қадағалау, оқу-жаттығу, техникалық дәріс, семинар-басқосулар сынды бірқатар елеулі жұмыстар қолға алынуда.

Мәселен, жуырда «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ Қозғалыс қауіпсіздігі департаментінің директоры Марат Шакеновтың төрағалығымен өткен жиынның хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында 1-ші және 29-шы ақпан күндері аралығында қауіпсіздік айлығы жарияланғаны белгілі. Осынау орайда, қауіпсіздікті бұзудың алдын алу, сонымен қатар пойыздық және маневрлік жұмыстардың қауіпсіз жүргізілуін қамтамасыз ету мақсатында Шар станциясында «СОБ құрылғыларының қалыпты әрекеті бұзылған кезде пойыздар қозғалысына байланысты жұмысшылардың іс-әрекеттері» тақырыбында техникалық сабақ ұйымдастырылды. Практикалық көрсетілімдер бойынша өткен дәріске станция басындағы маневрлік жұмыстарға қатысатын барлық теміржолшылар жиналған болатын. Іс-шараны ұйымдастырушы бөлімшенің қозғалыс қауіпсіздігі бөлімінің қызметкерлері белгіленген талап-ережелерді еске сала отырып, жиын өткізді. Атап айтсақ, қозғалыс ревизоры Алмас Андақаев оқыту бойынша нұсқаушылар көмегімен штаттық режим бұзылған жағдайдағы іс-әрекет бойынша кеңінен түсінік берді.

Техникалық дәріске Жаңа-Семей жол дистанциясы мен ШЧ-29 мекемесінің мамандары да жиналғандықтан практикалық бөлім кең ауқымда өткізілді.  

Дәріс барысында сонымен қатар бағыттама бұрмасындағы ақаулық кезіндегі міндеттерді айқындау барысында диспетчерлік байланыс та сынға түсті. Сондай-ақ, оқу-жаттығу шаралары барысында қазіргі таңдағы қалыптасқан ахуал жайлы ақпарат беріліп, алда орын алуы мүмкін күрмеулі мәселелер қатары қарастырылып, оның шешімін табу үшін атқарылуы тиіс шаралар сарапталды. Бұл ретте, техникалық дәрістер барысында кеңесе отырып шешкен мәселенің тиімділігі айқын байқалуда. Жиын еркін пікіралмасу алаңы болғандықтан пойыз құрастырушылары, станция кезекшілері, диспетчерлер де өзіндік ой қосып, оқыс жағдай туындай қалған шақта мәселенің шешімін табуға әріптестерімен бірге үңілді. Аталған техникалық сабақтар жолшылар мен байланысшылар, қозғалысшылардың бірлесе әрекет етуін ұйымдастыруда берері мол екені байқалды.  

- Үш бағытқа қызмет көрсететін Шар станциясында қызмет барысы қауырт. Жоспардан тыс жұмыстар да орын алып, кей сәттерде шұғыл шешім қабылдау қажеттігі де туындап жатады. Ал, дәл осындай техникалық дәрістер барысында осындай сындарлы сәттерде абдырамай, ұтымды жұмыс жүргізудің де жай-жапсарына кеңінен қанығамыз, - дейді Шар станциясының теміржолшылары.        

 

Спорт
11.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Спартакиадада тарихи жеңіске жеткен спортшылар командасын құттықтады
Жаңалықтар
11.08.2026
Үкіметте теміржол вокзалдарын жаңғырту мәселелері талқыланды
Инфрақұрылым
11.08.2026
ҚТЖ-да инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы аясында ауқымды жұмыс атқарылуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Маңғыстауда рейдтік іс-шаралар жалғасуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Қауіпсіз өткел: Шымкент жол дистанциясында профилактикалық акция өтті
Аймақтар
11.08.2026
Ақтөбе өңірінде жүк тасымалы артты
Спорт
11.08.2026
ҚТЖ құрамасы – үш дүркін чемпион!
Аймақтар
11.08.2026
Абай мұрасы ұлықталды
Жаңалықтар
11.08.2026
Құрметті демалысқа шығарып салды
Жаңалықтар / Мұрағат
11.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №63 11 тамыз 2026 жыл
Спорт
10.08.2026
Нұржан Сағидоллинов армрестлингтен күміс медаль жеңіп алды
Спорт
10.08.2026
Алла Штрошерер ҚТЖ құрамасының қоржынына қола медаль салды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ ерлер құрамасы баскетболдан күміс жүлдегер атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ әйелдер құрамасы волейболдан спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
10.08.2026
Сымбат Нәсіп армрестлингтен чемпион атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ футзалшылары «Самұрық-Қазына» спартакиадасында қола медаль жеңіп алды
Аймақтар
10.08.2026
Қауіпсіздік – баршаға ортақ талап
Әлемде
10.08.2026
Грузия теміржолды жаңартуға 1,7 млрд доллар бөлмек
Әлемде
10.08.2026
ЕО елдерінде халықаралық пойыз билеттерінен ҚҚС-ты алып тастау ұсынылды
Жаңалықтар
10.08.2026
«Қарасора-2026»: есірткіге қарсы күрес