Климаттың өзгеруі – маңызды фактор

Қауіпсіздік
29.04.2024, 12:56
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Халықаралық еңбек қорғау күніне орай Қызылорда теміржолында  аймақтағы қос бөлімшенің еңбек қорғау инженерлерінің ұйымдастыруымен  танымдық та, тағлымдық та әсері мол жиын өтті.

Алғашқы сөз кезегін алған Қызылорда қосалқы бөлімінің бас инженері Күлхан Белкібаев биылғы жылдың тақырыбы Климат өзгеруінің еңбек қауіпсіздігі мен гигиенасына әсерін қазіргі жағдайлармен байланыстыра отырып баяндама жасады, аймақтағы ауа-райына қатысты орын алу мүмкін жағдаяттардан мысал келтіріп, сақтануға шақырды.

– Климаттың өзгеруі сала еңбеккерлері жұмысында маңызды фактор саналатындықтан «ҚТЖ-ЖТ» серіктестігінің бас инженері М.Көкірекбаевтың факсограммасына сәйкес бүгінгі шара ұйымдастырылып отыр. Себебі кейбір салалық мекемелердің теміржолшылары тәулік бойы ашық аспан астында жұмыс жасайды. Ауа температурасының өзгеруі аймақта құрғақшылыққа, су тасқынына, жаздыгүні ыстық аптап желге, қыста қақаған аязға, өрт тұтану қаупіне, қоршаған ортаның түрлі деңгейде залалдану әсері теміржолшылардың денсаулығына қауіпті саналады. Біздер осындай қауіптің алдын алу үшін бекеттерде жылу жүйелерін көмірден газбен жылытуға көшірдік. Теміржолшылардың аптап ыстықта жұмыс жасамауы үшін ішкі бұйрық бойынша таңғы және кешкі салқында жұмыс кестесі жасалады. Яғни таңғы салқында жұмыс істеп, түскі аптап ыстықта жұмысшы қорғанып тынығуына жағдай жасалған, – деді бас инженер Күлхан Белкібаев.

Жиын барысында арнайы шақырылған «Medium clinic» серіктестігінің қызметкері Нұрлыбек Қалдыбек жазатайым оқиға орын алған жағдайда көрсетілетін алғашқы дәрігерлік көмек тәсілдерін көрсетті.  

Кездесу соңында еңбек қорғауда елеулі табысқа жеткен Қызылорда станциясының жүк қабылдап-тапсырушысы Бақтияр Асанов, парк кезекшілері Бектас Сергебаев, Ералы Жеңсікбаев, Белкөл станциясының операторлары Гүлмира Оңғарбаева мен Самат Асқаровқа алғыс айтылып, бағалы сыйлықтар табыс етілді. Ал магистральдық желі бөлімшесі басшылығының Алғыс хаты салалық мекемелерде еңбек қорғау талаптарын сақтауда жоғары нәтижеге қол жеткізген мекемелерге берілді.

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады