Жол қауіпсіздігіне төрт түлік малдан төнетін қауіп-қатер сейілмей тұр

Қауіпсіздік
25.02.2025, 09:05
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау жол дистанциясына қарасты аумақта өткен жылдың басында пойыздың үш рет мал басуы орын алған. Биыл бір бас мал басу оқиғасы тіркелген. Салыстырмалы түрде жағдай былтырғыға қарағанда азайған деуге болады.

Десек те, жол қауіпсіздігіне төрт түлік малдан төнетін қауіп-қатер бәрібір сейілмеген. Мәселен өткен жылы қаңтарда пойыз машинистері 9 рет шұғыл тежегішті қолданып, 0,45 жанармайды артық жаққан болса, биыл ол әлдеқайда жоғары. Тек өткен айда машинистер малды баспас үшін 12 мәрте оқыс тежеу жасауға мәжбүр болып, 0,60 тонна дизелдік отынды текке жаққан.  

– Биылғы пойызға мал басылу дерегі №15-16 бекет аралығында кездесіп отыр. Осы маңда мал басу оқиғалары жиі кездеседі. Жалпы өткен жылы біздің дистанция бойынша 28 мал басу дерегі тіркелді. Алдыңғы жылдан екі есеге көбейген. Биыл да жыл басынан төрттүліктің жолға шығуы қайталанып, бір малды пойыз басып кетті. Былтыр пойыз машинистері 159 рет шұғыл тежеу берген. Сондықтан қауіп қатердің алдын алу үшін қоршау салу, халықпен кездесіп түсіндіру жұмыстарын жүргізу ұдайы өткізілуде. Дегенмен бұл мәселеге тұрғындар да, мал шаруашылығы иелерінің де жауапкершілікпен қарағаны өте маңызды. Себебі біз қанша жерден түсінік жүргізіп, әкімдерге хат жазып, жолды қоршасақ та жергілікті халық малдарын қараусыз жібере берсе, бұл түйткілдің түйіні тарқатылмайтын түрі бар. Адамдар кейде малын жақын жерден алып өту үшін қоршауды өздері бұзатыны да жасырын емес. Біз жылда қоршау саламыз, жөндейміз. Мысалы 2024 жылы жүз шақырымға жуық аумақтың қоршау мәселесі шешілді, десек те жағдай әлгіндей, баяғы жартас, сол жартас, – дейді Маңғыстау жол дистанциясының жетекші жол инженері Ержан Артықбаев.  

Айтуынша, дистанцияда биыл да қоршау тұрғызу жұмыстары жалғасады екен. № 12-13, 15-16, ст.Жетібай - ст.Жаңаөзен аралықтарында 53 шақырым жаңадан қоршау салу жұмыстары жоспарланған.

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты