Қызылордада қауіпсіздік курсы өтіп жатыр

Қауіпсіздік
27.02.2025, 10:59
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Ақпан айының 17-28 аралығында Қызылорда бөлімшесінде «Еңбек қауіпсіздігі мәдениеті» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы өтуде. Аймақтың солтүстігіндегі Сексеуіл, Қазалы, Жосалы станцияларында басталып, оңтүстікке ойысқан курс мақсаты   теміржолшылардың қауіпсіздік мәдениетін арттыру болмақ.  

 «ҚТЖ» ҰК» АҚ ЦБТ бас менеджері Бибігүл Нәдірбекова, ішкі тренер, ЦБТ менеджер Ақназар Мүтәліпов, Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесінің тренері Шеге Зейнекеннің жетекшілігімен өтіп жатқан көшпелі курс тыңдаушылары жергілікті теміржол мекемелерінің жұмысшылары мен қызметкерлері. Курсқа Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің бас инженері Берік Бекжанов, Қызылорда ЖТ бөлімшесінің Қауіпсіздік және еңбек қорғау, экология бөлімінің басшысы Ғалия Көпжасарова, станциялардағы мекеме басшылары мен еңбек қорғау бөлімінің мамандары да қатысып, білімдерін шыңдады.

Тренерлер теміржолшыларға «Қауіпсіздік мәдениеті» бойынша кеңінен түсінік беріп, олардың жұмыс орындарында кездесетін қауіп-қатерлердің алдын алу мен қауіпсіздік ережелерін сақтау жайында дәріс оқыды.Теміржолшыларға жұмыс барысында кездесетін түрлі қауіптер, қауіпсіздік ережелері мен нормалары туралы жан-жақты ақпарат берілді. Теміржолшылардың жұмысы жауапты және қауіпті болғандықтан, олардың құқықтары мен міндеттері егжей-тегжейлі түсіндірілді. Жұмысшылардың жауапкершілігін арттыру мен қауіпсіздік мәдениетін нығайту әсіресе шағын станцияларда, жұмысшы құрамының аздығы жағдайында өте маңызды екені сөз болды.  

Мәселен Қаракеткен, Қараөзек, Жалағаш, Тереңөзек, Бәйгеқұм және Тартоғай сияқты шағын станцияларда толаскез, жол жөндеу жұмыстары кезінде жұмысшылардың жетіспеушілігі байқалатыны, пойыз құрастырушы мен вагон қараушының түнгі ауысымдарда тапшылығы, т.б. жағдайларда қауіпсіздік мәдениетін арттыру қажеттілігі туындайтыны курста талқыға салынды.

Сонымен қатар техникалық қауіпсіздік пен еңбек заңнамаларына қоса, теміржолшылар арасында туындайтын психологиялық қысым мәселелері де талқыланды. Пойыз құрастырушының жұмысына кедергі келтіру, уақытын қысқарту сияқты стресс пен қысымның еңбек қауіпсіздігіне тікелей әсер етуі жайлы арнайы кеңестер берілді. Тренерлер бейнебаян, сызбалы кесте, бейнелі сауал, көрнекілік ақпараттары арқылы қауіпсіздік мәдениетінің сақталуын және өз тәжірибелерінен мысалдар келтіріп, тыңдаушыларға практикалық кеңестер ұсынды.

– Теміржолшылардың арасында туындайтын психологиялық қысым мәселесіне келсек, мысалы пойыз құрастырушының жұмысына белсенді түрде кедергі келтіру, уақытын мазалап асықтыру, еңбек қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін факторлар. Теміржолшыларға жұмыс процесінде стресс пен қысыммен қалай жұмыс істеу керектігі туралы практикалық кеңестер берілді. Тренерлер арнайы дайындаған бейнематериалдарында еңбек қауіпсіздігі мәдениетінің сақталуын назарға ұсынып, өздерінің іс-тәжірибелерінен көптеген мысал келтіріп түсіндірді.  Курс осы аптаның соңына дейін Шиелі және Жаңақорған станцияларында жалғасып, аптаның соңғы күні Қызылорда станциясында қорытындыланатын болады, – деді инженер Ғалия Көпжасарова.

Жаңалықтар
11.03.2026
Елімізде теміржол вокзалдарын модернизациялау жұмыстары жалғасуда
ҚТЖ келбеті
11.03.2026
Атыраулық теміржолшы «Құрмет» орденімен марапатталды
Аймақтар
11.03.2026
Жамбыл филиалының еңбекқор арулары
Жаңалықтар
11.03.2026
Теміржол алпауыттары Сочиде бас қосты
Аймақтар
11.03.2026
Қызылордалық теміржолшылар нәзік жандарға құрмет көрсетті
Инфрақұрылым
11.03.2026
Қызылжар – Сексеуіл учаскесін жаңғырту қарқыны кестеден озып тұр
Жаңалықтар
11.03.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту талқыланды
Жаңалықтар
10.03.2026
ҚТЖ: су тасқынына дайындық ерекше бақылауда
Жаңалықтар
10.03.2026
ТХКБ бойынша тасымал көлемі соңғы 7 жылда 5 есе өсті
Инфрақұрылым
10.03.2026
Қазақстанның теміржол инфрақұрылымын жаңғырту
Жүк тасымалы
10.03.2026
Қазақстан мен Ресей арасындағы контейнерлік тасымал 5 жылда 8,3 млн тоннаға дейін өскен
Әлемде
10.03.2026
Түркия алғашқы жүрдек электр пойызын сынақтан өткізбек
ҚТЖ келбеті
09.03.2026
Еңбегі берекелі билет кассирі
ҚТЖ келбеті
09.03.2026
Кәсіби шыңдалу мектебі
ҚТЖ келбеті
09.03.2026
Қарбаласқа толы күн
Жолаушылар тасымалы
09.03.2026
Ақтөбе облысында тасжолдардың жабылуына байланысты ҚТЖ пойыздарымен 540 жолаушы жеткізілді
Трансформация
08.03.2026
ҚТЖ тасымалдауды жоспарлаудың автоматтандырылған жүйесін енгізуде
ҚТЖ келбеті
08.03.2026
Шынайы құрметке лайық
ҚТЖ келбеті
08.03.2026
Еңбек жолы – өнеге
ҚТЖ келбеті
08.03.2026
Қауіптің алдын алды