Еңбекті қорғау – қауіпсіздік кепілі

Қауіпсіздік
29.04.2025, 09:13
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да осы салаға үлес қосып жүрген қызметкерлерді марапаттау рәсімі өтті. Теміржолшылар мен кәсіподақ өкілдері қатысқан жиында компанияның бас инженері Рамазан Садырқұлов пен «Қазкөліккәсіп» ҚБ төрағасы Оразғали Ахметбаев сөз сөйлеп, үздік мамандарды құттықтады.

Жиынға қатысушылар жұмыс орындарында көз жұмған әріптестерін 1 минут үнсіздікпен еске алды. Бас инженер Р. Садырқұлов биыл бұл атаулы күн «Еңбек қауіпсіздігі мен гигиенасына революциялық тәсілдер: жұмыс орындарындағы жасанды интеллект пен цифрландырудың рөлі» тақырыбына арналғанын атап өтті.  

– Біз цифрлық шешімдер барлық саланы, соның ішінде еңбек қауіпсіздігін де шарпыған дәуірде өмір сүріп отырмыз. Ал біздің компания заман көшінен қалмай, қатар ілесіп келе жатқанын айта кету керек. Цифрландыру еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуде және жұмыс тиімділігін арттыруда өте маңызды рөл атқарады. Өздеріңіз де жұмыс барысында түрлі қосымшаларды пайдаланып жүрсіздер, солардың қатарында «Өндірістік қауіпсіздіктің біріктірілген жүйесі» қосымшасы да бар. Осы салада тынымсыз еңбек етіп жүрген қызметкерлердің арқасында еңбек қауіпсіздігі бойынша көрсеткіштер бұрынғыдан әлдеқайда жақсы. Бұл сіздердің еңбектеріңіз, қауіпсіздікке қосқан үлестеріңіз үшін алғысым шексіз, «жарақат алуға нөлдік төзушілік» ұстанымына берік болып, темір жолдағы қауіпсіз қызметті бірге атқара берейік, – деді бас инженер.  

«Қазкөліккәсіп» ҚБ төрағасы Оразғали Ахметбаев Еңбек қорғау күнінің мәні мен маңызы туралы баяндай келе, бұл күн әлемдік жұртшылықты еңбек қорғау мен өндірістік қауіпсіздік мәселелеріне назар аудартуға шақыратынын жеткізді.  

– Бүгін әлемнің 100-ден астам елдерінде түрлі іс-шаралар өткізілуде. Биылғы тақырып бойынша жасанды интеллект деректер талдауын жүргізу, үдерістерді автоматтандыру арқылы еңбек қорғау тиімділігін арттыратынын айта кету керек. Мұның бәрі өндірістік жарақат алуды болдырмауға септік етеді. Сондықтан биылғы тақырыптың мәні мен мағынасы зор, баршаңызды осы жолда адал әрі кәсіби биік деңгейде еңбек етуге шақырып, қызметтеріңізге табыс, қауіпсіз еңбек тілеймін, – деді О.Ахметбаев.  

Одан әрі «Еңбек қауіпсіздігі мәдениеті» корпоративтік курсының жұмысы туралы шағын бейнеролик көрсетілді. Бұл курстан компанияның Жамбыл, Қызылорда, Шымкент және Алматы өңірлерінде еңбек ететін қызметкерлері өткен. Курс мақсаты – әрбір қызметкердің қауіпсіздік туралы саналы түсінігін қалыптастыру, әрбір әрекеті үшін жауапкершілік ала білуге тәрбиелеу. Биыл жыл соңына дейін 30 мың қызметкерді осы курс бойынша оқыту жоспарланып отыр.  

Жиын соңында бас инженер Ақмола, Ақтөбе, Достық, Алматы, Түркістан, Қарағанды, Атырау және Астана өңірлерінен келген 12 еңбек қорғау инженерлері мен бас мамандар, жетекші инженерлер, оқу орталықтарының басшыларын компанияның басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаевтың атынан Алғыс хаттармен марапаттады.  

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады