Өрт сөндіру пойызы тосын жайтқа толықтай даяр

Қауіпсіздік
19.08.2025, 09:13
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей станциясындағы №24 өрт сөндіру пойызына кезекті дабыл келіп түсті. Семей – Локоть телімі бойындағы Дүйсекен станциясындағы жолшылар қосынынан өрт шыққан. Таяқ тастам жерде сыңсыған қарағайлы орман, іргелес теміржолшылар үй-жайы тұр. Алапат апатқа айналмай тұрғанда тілсіз жауды жылдам түрде ауыздықтау қажет. Қызыл жалын жалаң қолмен күресіп жатқан жолшыларға бой берер емес.

Дем сәтте келіп жеткен өрт сөндіру пойызының қызметкерлері ширақ қимылмен іске кірісті. Өрт шыққан ПЧ-39 мекемесінің №3 өндірістік учаскесінің 10-шы линия бөлімшесі желі бойына таяу орналасқан.  

Өрт ошағы шағын, жолшылардың демалыс бөлмесінен шығыпты. Өрт сөндірушілер бір оқпанмен ғана жедел қимылдап, қызыл жалынды жылдам сөндірді. «Апат» аумағы 5 шаршы метр ғана жерді қамтиды. Әйтсе де, одан төнер қауіп орасан. Семей станциясындағы өрт сөндіру пойызының жігіттері осыдан екі жыл бұрынғы 15 орманшыны ажал құштырған үлкен өртті сөндіруге қатысқандарын әлі де ұмытқан жоқ. Орын алуы мүмкін барлық тосын жайтқа мейлінше даяр болу қажет.  

Абыройы сол, бүгінгі оқиға өрт-тактикалық оқу жаттығу іс-шарасы болатын. Ал шартты түрдегі оқиға сценарийі жоғарыдағыдай.  

Осылайша «ҚТЖ» ҰК» АҚ бас инженері Р.Садырқұловтың ЦРПБ/44-И номерлі өндірістік қауіпсіздік бойынша жоспарлы іс-шарасы аясында семейлік өрт сөндіру пойызының қызметкерлері кәсіби шеберліктерін шыңдады.  

– Бүгінгі өткізілген оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызының он сарбазы қатысты. Вахталық жұмысшылар қосынынан шыққан шартты түрдегі өрт жылдам оқшауланды. Берілген жауынгерлік тапсырма толық көлемде орындалды. Өрт сөндірушілер әрекеті жоғары деңгейде деп бағалануда. Кез келген тосын жайтқа тас-түйін даярмыз, – дейді Семей станциясындағы Өрт сөндіру пойызы бастығының міндетін атқарушы Тілеуғабыл Бисенғазинов.  

Айта кетерлігі сол, қазіргі уақытта Семей ЖТ бөлімшесі бойынша кең көлемде өрт қауіпсіздігі айлығы да өткізіліп жатыр. Бұл ретте семейлік өрт сөндіру пойызының сарбаздары кез келген апаттың алдын алуға әрдайым әзір екендіктерін тағы бір мәрте толық дәлелдеді.  

Жаңалықтар
15.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Алматы өңірінің темір жол инфрақұрылымының негізгі нысандарын аралады
Қауіпсіздік
14.08.2026
Сексеуіл мен Аралда ауқымды рейд өтті
Жаңалықтар
14.08.2026
Теміржолшылар Құрылтай сайлауының маңызын талқылады
ҚТЖ келбеті
14.08.2026
«Алтын кітапқа» арқау болған теміржолшы
Инфрақұрылым
14.08.2026
Орта дәліз кәсіподағын дамыту – ортақ міндет
Жаңалықтар
14.08.2026
Арнайы пойыз жолға шықты
Әлеумет
14.08.2026
Жаз қызығы жалғасуда
Спорт
14.08.2026
Маңғыстауда аңызға айналған теміржолшы Сағынай Қошқарбаевтың мерейтойына орай турнир өтті
Спорт
14.08.2026
Шу станциясында теміржолшылар арасында тораптық жарыс өтті
Жаңалықтар
14.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы электр орталықтандыру маневрлік бекетінде болып, Астана-1 вокзалының құрылыс барысымен танысты
Жаңалықтар / Мұрағат
14.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №64 14 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
13.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ-ның локомотив паркі 146 заманауи локомотивпен толықты
Әлемде
13.08.2026
Қытай теңіз бағыттары үшін контейнерлерді екі қабатпен таситын алғашқы пойызды іске қосты
Жаңалықтар
13.08.2026
Теміржол өткелінде көлік істен шығып, жүк пойызы шұғыл тоқтауға мәжбүр болды
Аймақтар
13.08.2026
Абай облысында 8 теміржол вокзалы жаңғыртылуда
Жаңалықтар
13.08.2026
Қазақстан мен Өзбекстан жүк тасымалы көлемін арттыру шараларын пысықтауда
Жаңалықтар
13.08.2026
Қазақстан мен Өзбекстан көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты дамытуда
Аймақтар
12.08.2026
Түлкібас теміржол вокзалы қайта жаңартудан кейін ашылды
Әлемде
12.08.2026
Бавария алғашқы сутекті пойызын желтоқсанда іске қосады
Жаңалықтар
12.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы локомотив және жолаушылар паркімен танысты