Қауіпті аймақта қатаң тәртіп керек

Қауіпсіздік
09.09.2025, 08:32
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Темір жол – аса қауіпті аймақ. Оның айналасында жүргенде қауіпсіздік ережелерін, яғни болат жолдан өтудің өзіндік тәртібін қатаң сақтау керек. Әсіресе теміржол бойына жақын тұратын елді мекендер тұрғындары үшін бұл ережелерді бұлжытпай орындау талап етіледі. Пойыз басу оқиғаларын азайту үшін ҚТЖ-да жүйелі, жоспарлы жұмыстар тұрақты жүргізіледі.

Атап айтқанда, 2025 жылдың өткен 8 айында адам басу оқиғаларының алдын алу мақсатында 1512 жиналыс өткізіліп, оған 43 645 адам қатысты. Сонымен қатар темір жолды белгіленбеген, рұқсат етілмеген жерден кесіп өтетін тұрғындарды анықтап, түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін 851 рейд өткізілді. Соның барысында жолдан өту ережелерін бұзғаны үшін 24 адамға әкімшілік айыппұл салынды. БАҚ-та барлығы 122 ақпарат жарияланған, соның ішінде радиода – 4, телевидениеде – 9, әлеуметтік желілер мен газеттерде 109 ақпарат шыққан, әкімдіктерге 778 хат жолданған.  

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС бойынша станция жолдарына бөгде адамдардың шығуының алдын алу жөнінде әзірленген іс-шаралар жоспары аясында биылғы сегіз айда ауқымды жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, көлік прокуратурасы және полиция, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі көліктік бақылау аумақтық органдары, сонымен қатар ЖТ бөлімшелерінің шекараларындағы тиісті қызметтер, БАҚ өкілдерін шақыра отырып Үйлестіру кеңесінің 122 отырысы өтті, бұл жиындарда бірлескен іс-шаралар өткізу мәселелері қаралды. Теміржолға жақын тұратын елді мекендер тұрғындары арасында теміржол бойында жүрудің қаупі мен ережелері туралы 2177 түсіндіру жұмысы жүргізіліп, соның барысында 21 685 адам қамтылды.  

Оқу орындарында «Темір жол – аса қауіпті аймақ» тақырыбында 1041 жиналыс өткізіліп, оған 28 621 адам қатысты. Өңірлік деңгейдегі бірінші басшылар БАҚ-та, яғни радио, теледидар, газетте 442 рет сөз сөйлеп, аса қауіпті аймақта бөгде адамдардың жүруінің алдын алу бойынша жұмыстардың маңыздылығын түсіндіріп өтті. Желілік тәртіп сақшылары, әскерилендірілген теміржол күзеті қызметі, магистральдық желі бөлімшелерінің жұмысшыларымен бірге адамдардың темір жолды белгіленбеген жерден жаппай кесіп өтетін орындарына 2142 рейд жүргізілді, сол кезде де тәртіп бұзғандарға теміржол маңайында ережеге сай жүрмеудің қаупі түсіндірілді. Темір жолды рұқсат етілмеген тұстан жаппай кесіп өтетін жерлерде қауіп туралы ескертетін 693 белгі жаңартылды.  

Ай сайын «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нің барлық филиалдарына локомотив бригадаларымен профилактикалық жұмыстар жүргізу үшін адам, мал және көлік басу бойынша талдау деректері жолданады. Басшылық лездеме, техникалық сабақтарда локомотив бригадаларынан теміржол маңайында бөгде адамдардың, малдың жүргені туралы қарсы келе жатқан пойыздар машинистерін, пойыз диспетчері мен станция кезекшісін шара қабылдау үшін тұрақты түрде құлақтандырып, сапары біткен соң, яғни ауысымдық жұмысын тапсырарда бұл жайлы тиісті қызметтерге ақпарат беру үшін Машинистің шағым кітабына жазба қалдыруын талап етеді.

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті