Қауіпсіздік өзіңнен басталады

Қауіпсіздік
12.09.2025, 08:44
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбеде «Қауіпсіздік өзіңнен басталады» тақырыбында мектеп-семинар өтті. Жыл сайын өтетін дәстүрлі іс-шараға «Вагонсервис» АҚ-ның жолаушылар вагондарын жөндеу жөніндегі өңірлік филиалдарының инженерлері қатысты.

Семинарға сондай-ақ «Вагонсервис», «Жолаушылар тасымалы» АҚ-лары, Экспресс, Қала маңы тасымалы филиалдарының бас инженерлері мен жетекші мамандары арнайы шақырылды. Спикерлер қауіпсіздік ережелерімен қатар Президент Жолдауында теміржолға қатысты айтылған ақпараттар, жаңа стандарт пен жасалып жатқан жұмыстар туралы жан-жақты түсіндіріп, егжейтегжейлі баяндады.  

«Қауіпсіздікті қалай сақтауға болады? Оның қазіргі заманауи әдістері қандай, қызметкерлердің жадына ережені қарапайым тәсілмен сіңіру туралы сұқбаттасып, пікірталасып, ой бөлістік. Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі жұмыстардың өзіңнен басталатыны айтылды. Практикалық семинарлар маңызды, әріптестермен кездесу арқылы ішкі сұрақтар ашық талқыланады», – деді «Вагонсервис» АҚ жолаушылар вагондарын жөндеу жөніндегі Батыс филиалының бас инженері Жәнібек Мұқанбеткәрімов.  

Семинар-мектепті «Вагонсервис» АҚ Жолаушылар вагондарын жөндеу жөніндегі Батыс филиалының бас директоры еңбек қауіпсіздігі туралы баяндамасымен ашты. Жиынға өндірісте жүрген адвокаттар шақырылған. Адвокат Раушан Ізтілеуова еңбек шарттары, олардың заңда қолданылуы мен кәсіби қауіп кезіндегі ережелерді оқыс оқиғалардан мысал келтіру арқылы түсіндірді. Еңбек инспекциясынан келгендер еңбек қауіпсіздігі, заң талап ететін негізгі алғышарттарды айтса, медициналық университет дәрігерлері жүрек-қан тамырлар дертіне алғашқы көмек көрсету жолдарын көрсетті.  

Семинардың тағы бір ерекшелігі, жұмыс барысындағы ескертулер ойын түрінде ұсынылды. Цехтарды аралау кезінде анықталған талапқа сәйкес емес көріністер экраннан көрсетілді. Ойынға әр филиалдан бас инженерлер шықты. Олар көріністің қай өңірдегі цехқа тиесілі екенін және көріністе қандай кемшіліктер бар екенін табу керек. Осылайша бас инженерлердің цехтарды өздері аралайтыны, ол жақтағы көріністі қаншалықты білетіні тексерілді. Талқылаулар арқылы қауіпсіздік ережелері қайталанды.  

«Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның орталық кеңсесінен арнайы келген Айгүл Әкімжанова өндірістегі қауіпсіздікті басқару принциптері туралы баяндап берді. Бес жылда өндірісте болған жарақаттарға қатысты талдамаға тоқталды. Айтуынша, 2020-2024 жылдар аралығында «Жолаушылар тасымалы» АҚ бойынша 33 жазатайым оқиға тіркелген. Оның 13-і қызметкер денсаулығының нашарлауынан туындаған. Осыған байланысты қызметкерлердің денсаулығына аса мән беру, денсаулығындағы кінәраттарды алдын ала анықтау маңыздылығы айтылды. 2025 жылы жолаушылар шаруашылығы бойынша 10 жазатайым оқиға тіркелсе, оның үшеуі Павлодар өңіріне тиесілі екен.  

2019-2025 жылдар аралығында шаруашылық бойынша денсаулығы кенеттен нашарлаған 39 жағдай тіркелген. Оның 15 жағдайы өліммен аяқталыпты. Көп жағдай жүрек-қантамыр жүйесі жұмысының бұзылуымен байланысты екен.  

«Өндірісте жарақаттануды болдырмау, нөлдік жағдайға жеткізу үшін бірінші басшыларға тапсырмалар берілді. Ең бірінші профилактикалық жұмыстың сапасын арттыру және қызметкерлердің қауіпсіздік ережелерін сақтауын бақылауды күшейту қажет. Қызметкерлердің еңбек және демалыс режимінің сақталуын қамтамасыз ету маңызды. Қызметкер медициналық тексерулерден уақытылы өтуі тиіс. Бригадалар рейске шықпас бұрын медициналық тексеріске бару керек. Сырқатына байланысты диспансерлік есепте тұрған, 50 жастан асқан пойыз бригадаларының қызметкерлері 3 тәуліктен асатын қалааралық маршруттар бойынша рейске жіберілмеуі тиіс. Қорыта айтқанда, өндірісте жарақат болдырмас үшін 7 «алтын ережені» орындау маңызды: адалдық, қауіпті анықтау, бағдарламалар мақсатын білу, еңбек қауіпсіздігін жоғары деңгейде сақтау, қауіпсіздік гигиенасы, біліктілікті арттыруды дағдыландыру және ынталандыру», – деді Айгүл Ибрагимқызы.  

Сонымен қатар бас инженерлер жұмыс барысындағы сұрақтарға да жауап алды. Ашық диалогта болған оқиғалар, сол кезде туындаған сұрақтар талқыланды. Техникалық дәрістер мен семинарлардың қажеттігін айтты. Себебі әрдайым күн тақырыбынан түспей тұрған еңбек және қозғалыс қауіпсіздігін сақтау шаралары өндірісте өзекті.  

 

Жаңалықтар
15.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Алматы өңірінің темір жол инфрақұрылымының негізгі нысандарын аралады
Қауіпсіздік
14.08.2026
Сексеуіл мен Аралда ауқымды рейд өтті
Жаңалықтар
14.08.2026
Теміржолшылар Құрылтай сайлауының маңызын талқылады
ҚТЖ келбеті
14.08.2026
«Алтын кітапқа» арқау болған теміржолшы
Инфрақұрылым
14.08.2026
Орта дәліз кәсіподағын дамыту – ортақ міндет
Жаңалықтар
14.08.2026
Арнайы пойыз жолға шықты
Әлеумет
14.08.2026
Жаз қызығы жалғасуда
Спорт
14.08.2026
Маңғыстауда аңызға айналған теміржолшы Сағынай Қошқарбаевтың мерейтойына орай турнир өтті
Спорт
14.08.2026
Шу станциясында теміржолшылар арасында тораптық жарыс өтті
Жаңалықтар
14.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы электр орталықтандыру маневрлік бекетінде болып, Астана-1 вокзалының құрылыс барысымен танысты
Жаңалықтар / Мұрағат
14.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №64 14 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
13.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ-ның локомотив паркі 146 заманауи локомотивпен толықты
Әлемде
13.08.2026
Қытай теңіз бағыттары үшін контейнерлерді екі қабатпен таситын алғашқы пойызды іске қосты
Жаңалықтар
13.08.2026
Теміржол өткелінде көлік істен шығып, жүк пойызы шұғыл тоқтауға мәжбүр болды
Аймақтар
13.08.2026
Абай облысында 8 теміржол вокзалы жаңғыртылуда
Жаңалықтар
13.08.2026
Қазақстан мен Өзбекстан жүк тасымалы көлемін арттыру шараларын пысықтауда
Жаңалықтар
13.08.2026
Қазақстан мен Өзбекстан көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты дамытуда
Аймақтар
12.08.2026
Түлкібас теміржол вокзалы қайта жаңартудан кейін ашылды
Әлемде
12.08.2026
Бавария алғашқы сутекті пойызын желтоқсанда іске қосады
Жаңалықтар
12.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы локомотив және жолаушылар паркімен танысты